ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ КЕҢІНЕН ДӘРІПТЕЛІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ КЕҢІНЕН ДӘРІПТЕЛІП ЖАТЫР
 
Түркістан облысындағы білім беру мекемелерінде Тәуелсіздік күні мерекесі атап өтіліп жатыр. Аталған іс-шаралар Мемлекет басшысының 2021 жылғы 5 қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында ұйымдастырылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Жандос Маханбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, облыстағы білім беру мекемелерінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мектептерде – 3932, колледждерде – 208, балабақшаларда – 2718 іс-шара өткізу жоспарланған.
«Азаттығымызды ұлықтайтын айшықты мерекемізде білім беру мекемелерінде мүмкіндігінше мемлекеттік туды айшықты орындарда көптеп пайдалануға мән беріледі. Сонымен қатар, тәуелсіздікке жол салған қоғам қайраткерлерін, Желтоқсан оқиғасы мен оның құрбандарын мәңгі есте қалдыру мақсатында мәдени, қоғамдық маңызды шаралар, кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар, облыстағы оқушыларды «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылдау рәсімдері, «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың» атты оқушылар мен студенттер арасындағы патриоттық әндер байқауы және «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбында оқушылар мен студенттер арасындағы дебаттық турнирлер өткізілмек», - деді Жандос Маханбетов.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде оқушылар мен студенттер арасында «Мен өз елімді мақтан тұтамын!» және «Менің отаным – менің отбасым» тақырыптарында шығарма жазу, бейнероликтер түсіру және оны жариялау жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек, игі бастама ретінде білім беру мекемелерінің аулаларында еңбек ардагерлерінің, ата-аналардың және оқушылар мен студенттердің қатысуымен ағаш көшеттерін отырғызу шаралары ерікті түрде өткізіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 109
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 93
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 113

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1246
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7294
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11154
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7354
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7501