ТҮРКІСТАН: БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ СӘКЕН БИБОСЫНОВ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ СӘКЕН БИБОСЫНОВ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында көшет егіп, халықты тазалыққа баса мән беруге шақырды.
– Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Барша Түркістан облысының, Сайрам ауданының тұрғындарын осы акцияға белсенді қатысуға шақырамын. Еліміздің гүлденуіне, көркеюіне бәріміз бірге атсалысайық! – деді Дархан Сатыбалды.
Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі, Әйтеке би ауылының орталық көшесінің бойы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға елді мекен тұрғындары, спортшылар, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері және жастар қатысты. Жалпы саны 8 техника мен 500-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында 2500 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 120 тонна ретсіз күл-қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ санитарлық тазалық пен көріктендіру бойынша көше бойлары тазаланып, скверлер аумағында ағаштар әктелініп, шөп ору жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
12.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540