12-16 тамыз күндері Теміртауда академиялық ескек есуден Қазақстанның командалық біріншілігі өтті. Тартысқа толы өткен сайыста чемпиондық кубокты Түркістан облысының құрамасы иеленді.
Жарысқа еліміздің 5 өңірінен ең мықты ескекшілер қатысты. Түркістандықтар бағдарлама түрлерінен 10 алтын, 6 күміс және 1 қола медаль олжалап, командалық бірінші орыннан көрініп, өңір мерейін асқақтатты.
Ал Астана командасы екінші орынды иеленді. Олардың қанжығасында 9 алтын, 5 күміс және 4 қола жүлде бар. Сондай-ақ үшінші орынды 1 алтын, 6 күміс және 7 қола медальмен Қарағанды облысының ескекшілері еншіледі.
Түркістан облысы құрамындағы чемпиондар қатарында Яковлев Владислав, Чернухин Иван, Галкин Владислав, Сапарқұл Еркежан, Волкодавова Валентина, Бекбембетов Қуаныш, Керімбек Әділет, Марчкова Елизавета, Лебедева Мария, Жакупова Мелани, Афанасьев Александр, Гладышева Мария, Тиляева Нурия
Кенес Роза сынды спортшылар бар.
Спортшыларды Иван Лукьянов, Александр Штепенко, Михаил Горбунов және Виктория Ли бастаған бапкерлер баптады.