2023 жылғы 13 желтоқсанда сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтап, облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларды таныстырды.
Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» ұлттық компаниясының өкілдері, облыс әкімдігінің мүшелері, қала, аудан әкімдері мен мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесі төрағалары, облыстық қоғамдық ұйымдар төрағалары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді. Күн тәртібінде 27 мәселе қаралды. Сессияда Түркістан облысы полиция департаменті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшыларының және Облыстық ветеринария басқармасы басшысының есептері тыңдалды.
Облыстағы уран өндіруге бөлінген жер учаскелері, экологиялық жағдай және кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық дамуға төлемдері туралы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, облыс елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы баяндама жасады.
Сонымен қатар кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.