ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СУ СПОРТ ТҮРЛЕРІ МЕКТЕБІ БІР ЖЫЛДА 500-ГЕ ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СУ СПОРТ ТҮРЛЕРІ МЕКТЕБІ БІР ЖЫЛДА 500-ГЕ ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 2024 жылдың үздік спорт мектебі болып танылды.
Осы орайда облыс әкімі облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорын арнайы марапаттады.
Аталған спорт мектебінде байдарка және каноэ, ескек есу, желкенді спорт, жүзу, триатлон, параканоэ спорт түрлері дамытылады. Мұнда олимпиадалық 5 спорт түрі мен паралимпиадалық 1 спорт түрі бойынша шәкірттер дайындалады.
Жыл қорытындысы бойынша аталған спорт мектебінің спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, республикалық және халықаралық жарыстардан алған медальдары бойынша рекорд орнатты. Биыл шәкірттері 493 медальға қол жеткізді. Оның ішінде 189 алтын, 173 күміс және 131 қола медаль бар.
2024 жылы Париж Олимпиадасына – 1 Паралимпиаданың 20 лицензиясын жеңіп алды.
Спорт мектебінде биыл 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 10 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 12 Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер спортшылар дайындалған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 100
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 38
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 81

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2136
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2371
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17259
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15982
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19354