ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000-ЫНШЫ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000-ЫНШЫ МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында өңірдегі бір мыңыншы мектеп ашылды. Білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды, жергілікті тұрғындарды құттықтады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл ретте демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Нәтижесінде мектеп саны 1000-ға жетіп отыр.
– Мемлекет басшысы балаларға жағдай жасауды ерекше тапсырды. Өнерлі, білімді, спортқа бейім балаларды жан-жақты дамыту керектігін айтты. Бұл тапсырманың біздің өңір үшін маңызы өте жоғары. Себебі еліміздегі сәбилердің бестен бірі Түркістан облысында дүниеге келеді. Облысымызда, қазіргі таңда 700 мыңнан астам бала бар. 2400-ге жуық білім беру ұйымы жұмыс істейді. Облыста 2023-2025 жылдары кезең-кезеңімен 96 мектептің құрылысын салу жоспарланды. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бұл қолдаулар ұстаздарға шабыт береді және жас ұрпақтың сапалы білім алуына оң ықпал етеді деп санаймын. Біз бүгін облысымыздағы 1000-шы мектептің ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Мұндағы оқушылар ата-аналарының және ұстаздардың, елдің үмітін ақтайды деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.
Сарыағаш қаласы, «Самал» шағынауданындағы №78 жалпы орта мектебінің құрылысы 2020 жылы басталған. 900 оқушыға арналған мектепте оқушылардың алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасалған. Есік алдына асфальт төселген және көгалдандырылған. Мектептегі суық су мен жылу және санитарлық байланыс құбырлары орталықтандырылған. Білім ұясында үлкен дәліз, кітапхана бойынша 1 оқу залы мен 1 медиа зал бар.
Сондай-ақ химия, физика, еңбек және информатика кабинеттері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Үлкен спорт залы, 300 орынға арналған асхана жұмыс істейді. Медициналық 2 бөлмесі бар. Олар арнайы медициналық құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жабдықталған. Өртке қарсы дабыл қаққыш, 17 сыртқы және 60 ішкі бейнебақылау камералары орнатылған.
Түркістан облысы туу көрсеткіші, демографиялық өсім бойынша елімізде көшбасшылар қатарында тұр. Ел тұрғындарының 10,7% осы өңірде тұрады. 2022 жылдың желтоқсанында Түркістан облысы халқының саны 2116 450 адамға жеткен. Оның 75,5%-ын ауыл халқы құрап отыр. 2022 жылы облыста 57429 бала дүниеге келген. Оның 605-і егіз болса, 12 үшем өмірге келді. Бұл деректер ауылға қолдауды күшейту және жыл сайын мектептер санын арттыру міндетін жүктейді.
Сондықтан облыста мектеппен қамту жұмысы өте қарқынды жүріп жатыр. Облыстың 1364 мектепке дейінгі ұйымында 159 113 бала тәрбиеленуде. Өңірдегі 1000 мектепте 514018 оқушы білім алуда.
Мектеп тапшылығы мәселесі кезең-кезеңмен өз шешімін табуда. Өткен жылы 21 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді. Биыл 20 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 63 мектептің құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде 2023 жылға 31 мектептің құрылысын бастауға қаржы бағытталып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509