ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 57 АУЫЗ СУ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 57 АУЫЗ СУ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Түркістан облысында елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары күшейтіліп, жұмыс жоспары қатаң қадағалауға алынады. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, бірінші кезекте ауыз су мәселесі толық шешілуі тиіс екенін айтты. Ауыз суға қатысты жобаларды жеделдетуді тапсырды.
– Ауыз су мәселесін толық шешу – ең бірінші міндетіміз. Бұл бағыттағы жобалар сапалы, жұмыстар тиянақты болуы тиіс. Жер асты суын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізіп, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, тиісті іс-шараларды жылдамдатқан жөн. Жол карталары мен жоспарлар тағы да нақтыланып, елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту жұмысын 2025 жылы толық аяқтау межеленуі қажет. Елді мекендерді ауыз сумен қамту жоспары жан-жақты пысықталып, жүзеге асыру жолдары қарастырылсын. Осы салаға қажетті ұсыныстарды жүйелеп, қаржы бөлу мәселесін шешуді тапсырамын, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің айтуынша, 2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы 831 елді мекеннің 719-ы (7 қала, 712 ауылдық елді мекен) немесе 86,5% ауыз сумен қамтамасыз етілді.
2023 жылы 57 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 13,3 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде 43 нысанның құрылысы биыл аяқталады, қалған 14 нысан 2024 жылы тапсырылмақ. Нәтижесінде су құбыры жоқ 17 елді мекен (Бәйдібек – 1, Сарыағаш – 6, Келес – 4, Қазығұрт –1, Ордабасы – 4, Отырар-1) ауыз сумен қамтамасыз етіледі, 11 елді мекеннің (Бәйдібек-2, Қазығұрт – 1, Төлеби – 4, Мақтаарал – 1, Ордабасы – 1, Түлкібас – 2) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. Сонымен қатар 16 нысанның жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.
2015-2021 жылдары аралығында жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыс бойынша жалпы 267 елді мекеннің жер асты су қоры бекітілген. Биыл 22 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын аяқтауға, 88 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын бастауға және 15 шекара бөлімшесінің іздеу-барлау жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 1,2 млрд. теңге бөлінген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
01.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРАДА «МАРАФОН-2025» СПОРТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.01.2025 26
Қазақ – қытайдан бұрын жазу тапқан ұлы халық
Мекемтас Мырзахметұлы - 11.01.2025 36
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 137
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.01.2025 17
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 137
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 181
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 143
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 118
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1482
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1923

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12730
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11634
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14870
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13816
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18839