ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
✔️Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту мәселелері облыс әкімдігінде сараланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан-қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін тапсырды.
📌– Мемлекет басшысының тапсырмасын сәйкес Түркістан қаласының айналасынан «Жасыл белдеу» құру жоспарланған болатын. Бұл тапсырманың маңызы зор. Облыста елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жандандыру керек. Ағаш отырғызуда кемшіліктер көп. Егілген ағаштардың сапасын қадағалау қажет. Аудан, қала әкімдері жұмыс істеп жатқан жоқ. Өңірге жерсінетін көшеттер егілуі тиіс. Елді мекендерді көгалдандыру бойынша нақты жұмыстарды атқаруды тапсырамын. Өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, тұқымбақтарды дамыту қажет. Өңірде балық шаруашылығын дамыту бағытында семинарлар өткізуді қолға алыңыздар. Одан бөлек балық шаруашылығын дамытуға инвесторлар тарту жұмыстарын жаңғырту керек. Осы бағыт бойынша нақты жоспар мен ұсыныс беріңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Мәжілісте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында 5 жыл көлемінде аудан, қалаларда 15 млн астам ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді көгалдандыруға 1,1 млн көшет егу жоспарланған. Аталған іс-шара аясында өңіріміздегі 852 елді мекеннің шамамен 90% көгалдандыру үшін, аймақтық жоспарды көлемді орындау мақсатында 4 миллионға жуық көшет егу жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге, күз айындағы түгендеу жұмыстары бойынша отырғызылған көшеттердің орташа шығымдылығы 60-70 % құрайды. Өткен жылы жоспар бойынша елді мекендерді көгалдандыруға 1 миллионға жуық әртүрлі көшеттер босатылды. Биыл көшеттерді босатуда аудандардың климаттық ерекшелігі ескеріліп, жерсіндірілген жапырақты, қылқанды, жеміс ағаштары мен гүлді ағаш-бұта түрлерін отырғызуға басымдылық беріліп, жұмыстар атқарылатын болады.
✔️Өңірде жалпы көлемі 343,5 гектарды құрайтын 24 орман тұқымбағы бар. 2027 жылға дейін питомниктердің сапасы мен санын ұлғайту арқылы 60 миллионға жеткізу көзделуде. Бүгінгі таңда тұқымбақтардың суғару жүйелерін толық іске қосу, минералды тыңайтқыштар қолдану, көшет түрлерін қосымша енгізу, жаңартылуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
30.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 72
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 32
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 49

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2116
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2352
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17240
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15964
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19333