ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасымен Түркістан өңірінде негізгі капиталға инвестция тарту, су үнемдеу технологияларын ендіру, ғылыми негізде минералды тыңайтқыштарды енгізу, заманауи тауарлы сүт фермасын құру жоспарлары толығымен жүзеге асты. Ал жалпы өнім көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетті. Бүгінде аймақта көктемгі дала жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
📌– Түркістан ооблысының негізгі драйверлерінің бірі – ауыл шаруашылығы. Егістін науқаны бізде өзге аймақтардан ерте басталады. Сондықтан көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүргізген жөн. Мемлекеттік тетіктердің бәрін пайдаланып, диқандарға, шаруаларға тиісті қолдауларды көрсету керек. Ауыл шаруашылығы бойынша бекітілген индикаторлар орындалуы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Әлібек Плаловтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары егетін аумақ өткен жылдан 27 мың гектарға ұлғайып, 896 мың гектарға жеткізіледі. Оның ішінде: жаздық дақылдар – 518 мың гектар, күздік егіс – 204 мың гектар, ескі жоңышқа – 174 мың гектар.
✔️Егіс құрылымын қалыптастыруда рентабельділігі жоғары дақылдарға басымдық берілуде. Атап айтқанда, мақта 31 мың гектарға (137,1 мың га) дәнді дақылдар 3 мың гектарға (333,6 мың га) майлы дақылдар 2 мың гектарға (72,7 мың га) артығымен орналастырылады. Ал бақша дақылдары 8 мың гектарға (66,3 мың га), малазықтық дақылдар 6 мың гектарға (223,3 мың га) қысқартылмақ.
✔️Көктемгі дала жұмыстарына 61,5 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармайға қажеттілік анықталды. Босату жұмыстары ақпан айынан басталады. Тауар өндірушілерде жаздық дақылдардың қажетті тұқым көлемі жеткілікті. Минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін, облыстық бюджеттен 7 млрд теңге қаралды. Отандық тыңайтқыш өндіруші «ҚазАзот» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС-мен облысқа жеткізілетін қажетті тыңайтқыш көлемі келісілді. Көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге 13 млрд теңгеге өтініш берілді. Бүгінгі күнге 4 млрд теңгеге өтінім қабылданып, 2 млрд теңгені құрайтын жобалар мақұлданып, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде.
📌Дала жұмыстарына қолданыстағы 25 мың техника қызмет атқарады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 12 мың трактор, 1 мың дән сепкіш, 554 соқа, 1 мың қопсытқыш құралдары бар. Дала жұмыстарына техниканың 98 пайызы дайын. Өткен жылы мемлекеттік қолдаулардың тұрақты көрсетілуінің нәтижесінде, ауыл шаруашылығы техникалары 6,3%-ға жаңарды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
13.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ІСІНЕ АДАЛ ЖАНДАР...
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 14.01.2025 68
ЖЕТІСАЙДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 38
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 30
 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ БАҒДАР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 118
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 303
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 408
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 299
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 284
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1629
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 2130

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12883
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11761
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15004
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13939
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18965