ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
✔️Биыл да Түркістан облысы аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жоспар бойынша өңірде күнделікті өткізілетін 7263 сенбілік іс-шарасы бекітілді. Бұл жұмыстарға тұрғындар мен кәсіпкерлер де тартылып, тазалық жұмыстары білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, дін нысандарында күшейтілмек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
✔️Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бағдарлама аясында атқаралып жатқан жұмыстарды баяндап, жоспарлармен бөлісті. Қазіргі таңда аудан, қала әкімдіктері және Облыстық кіріс департаменті тарапынан кәсіпкерлік нысандарының және іргелес жатқан аумақтарды таза ұстау бағытындағы жұмыстар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» 2024-2029 жылдарға арналған экологиялық тұжырымдамасына сәйкес, барлық сала бойынша жеке жол картасы әзірленуде.
✔️Бүгінгі таңда «телеграмм бот» платформасына 885 өтінім түскен. Оның ішінде, 866 өтінім орындалған болса, қалған өтінімдер орындалу барысында. 2024-2025 жылдары жолдарды қысқы күтіп ұстау үшін 4 мың шақырымға жуық жолға 121 арнайы техника, 259 жұмысшы жұмылдырылып, 4 мың текше метрден астам құм, 600 тоннаға жуық тұз қолданылуда.
📌Мәжілісте Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұл «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылу барысын баяндады. Аймақта 29 мектептің құрылысы басталған. Оның 13-і тапсырылды. Қалған 16-сы биыл ел игілігіне беріледі деп жоспарланған. Тапсырылатын 16 мектептің 12-сінің шатыры жабылып, ішкі әрлеу, инженерлік инфрақұрылым тарту және сыртқы қасбетін қаптау жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары 60% орындалған.
📌Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Жайлы мектеп» жобасын уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруды, жұмысты жандандыруды тапсырды. Аталған мәселелер қатаң бақылауға алынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
20.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540