ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ 4 МЕДАЛЬ МЕН 1 ОЛИМПИАДА ЖОЛДАМАСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ 4 МЕДАЛЬ МЕН 1 ОЛИМПИАДА ЖОЛДАМАСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Жапонияның Токио қаласында байдарка мен каноэде есуден лицензиялық Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі сында Түркістан облысының ескекшілері сенімді ақтады.
Жарысқа Азия құрлығының 18 елінен екі жүзден астам мықты спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасының атынан он үш спортшы қатысса, оның төртеуі Түркістан облысының өкілдері болды. Су спорты түрлері мектебі мен Жоғары спорт шеберлігі мектебінің өрендері жарыста төрт медаль мен бір Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.
500 метр қашықтықта жұптық сайыста Бекарыс Раматулла алтын медаль мен Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.
Әйелдер арасында 200 метр қашықтыққа каноэда есуден Ульяна Киселева күміс жүлде алды.
Аралас байдарка сайысында (микс) 500 метр қашықтықта Ольга Шмелева мен Артем Терещенко күміс жүлде еншіледі.
Әйелдер арасында 500 метр қашықтықта екілік байдарка жарысында Ольга Шмелева қола жүлдегер атанды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
20.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4253
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4428
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19374
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18032
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21484