Бүгін Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті.
Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Владислав Яковлев жекелей сында топ жарды.
Ұлттық құрама спортшысы 2 000 метрге жарыста үздік атанды. Владислав — Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің спортшысы.
Қазір Қазақстан құрамасының лицензия саны 43-ке жетті.
Корея төрінде пара академиялық ескек есуден де іріктеу өтті. Бұл сында Pr1m1X сайысында түркістандық Темірхан Дайырбек Париж паралимпиадалық ойындарына жолдама жеңіп алды.