ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛЫП, БӘЙДІБЕКТЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН МЕДИЦИНА НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛЫП, БӘЙДІБЕКТЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН МЕДИЦИНА НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфрақұрылымды жақсарту тапсырмасымен әлеуметтік нысандар салынып, Жаңа жыл қарсаңында пайдалануға тапсырылуда.
Бүгін тағы бір мектеп Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында пайдалануға берілді. Білім ұясының салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, мектеп ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.
– Бұл мектеп – болашақ ұрпаққа салынған үлкен инвестиция. Біз балаларымыздың сапалы білім алуы үшін барынша жағдай жасаймыз. Өңірімізде жаңа білім ұялары салынып, апатты және үш ауысымды мектеп мәселелері шешілуде. Бұл – облыстың білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруде маңызды қадам, – деді облыс әкімінің орынбасары.
№67 жалпы білім беретін мектеп құрылысы 2020 жылы басталып, тоқтап қалған болатын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауымен құрылысты жалғастыруға тиісті қаржы бөлініп, нысан құрылысы толық аяқталды.
Бұған дейін ауыл оқушылары көрші ауылдардағы мектептерге арнайы автобуспен тасымалданып, оқып келеді. 300 орындық жаңа мектеп заман талабына сай жабдықталған. Онда оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқу ғимаратында пәндік кабинеттер, зертханалар, кітапхана, спорт залы және асхана бар. IT технологияларды меңгеруге арналған арнайы сыныптар қарастырылған. Оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға қажетті орталықтар ұйымдастырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін видеобақылау камераларымен жабдықталған.
Облыс әкімі орынбасарының сапары Бәйдібек ауданында жалғасты. Осы күні Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округінде күрделі жөндеуден өткен Боралдай дәрігерлік амбулаториясы ел игілігіне берілді.
Бейсенбай Тәжібаев «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында облыста 49 медициналық нысанның құрылысы жүргізілгенін атап өтіп, жаңа ғимараттарда қызмет сапасы да жақсарата түсетініне сенім білдірді.
Медициналық нысан 1968 жылы салынған болатын. Ескірген ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Мекемеде 43 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда күніне 90 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік бар. Енді жергілікті тұрғындар заман талабына сай салынған жаңа ғимаратта қызмет ала алады.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
28.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: КОРЕЙСКИЕ ИНВЕСТОРЫ ВНЕДРЯТ ПЕРЕДОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В АГРОСЕКТОР
Пресс-служба акима Туркестанской области - 29.01.2025 59
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 87
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 142
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗІЛІСТЕ АСЫҚ ОЙНАЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 68
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 96
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 117

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14023
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12841
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16100
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15003
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20054