ТҮРКІСТАН: ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде бюджет қаржысына басталып, әртүрлі себептермен аяқсыз қалған жобаларға талдау жүргізілді. Басым бөлігінің құрылысы басталмай, құжат күйінде қалған. Бірқатары демеушілер есебінен жүзеге аса бастаған. Мердігер мекеменің жауапсыздығы салдарынан созылған құрылыс нысандарына қатысты істер сотта қаралуда. Бұл нысандарды толық аяқтау қыруар қаржыны қажет етеді.
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте проблемалық нысандардың жай-күйі талқыланып, бюджет есебінен әзірленіп жатқан жобалық-сметалық құжаттамалар мен инженерлік инфрақұрылыммен (ауыз су, табиғи газ, электр қуаты) қамтамасыз ету барысы туралы баяндалды. Өңір басшысы ең өзекті деген жобалардың жүзеге асуына басымдық беруді тапсырды. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандар, яғни, ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтамасыз ету нысандарының құрылысына күш салынады. 2018 жылдан бергі жобаларды жүзеге асыру туралы тапсырма берді.
– Әлеуметтік саланы дамыту – басым бағыттардың бірі. Проблемалық нысандардың ішінде халыққа қажеттісін, су, жарық, жолмен қамтуды бірінші шешуіміз керек. Оларды жүзеге асыру жолдарын белгілеуіміз қажет. Халық игілігі үшін басталған жобалар уақытылы пайдалануға берілсін. 2025 жылға дейін облыс түрғындары таза ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілуі тиіс,–деді облыс әкімі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков басқарма тарапынан аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе құрылған жұмысшы топ жүргізген мониторинг нәтижесін баяндандады. Мониторинг жұмыстарының қорытындысымен, облыстың әрбір елді мекенінің инфрақұрылыммен қамтылуы бойынша төлқұжаты әзірленуде. Басты мақсат – елді мекендерді ауыз сумен, сапалы электр қуатымен, табиғи газбен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету. Маңызды жұмыс барысын толық бақылау. Басталған жобаларды аяғына жетізіп, ел игіліне беру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
30.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 196
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8577
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784