Ауылдардың инфрақұрылымы мен әлеуметтік жағдайын жаңғыртып, қазақстандықтардың жергілікті жерде жұмыспен қамтылуына қатысты идеологияны қалыптастыруға арналған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының жүзеге асып келе жатқанына 5 жыл болды. Бұл жоба Түркістан облысында сәтті жүзеге асырылуда.
Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеру үшін қолға алынған жоба Төлеби ауданында кеңінен жүзеге асып келеді. Елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар жетілдірілуде. Бұл жоба биыл да жалғасын тауып, 723 млн теңгеге 11 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Биыл ауданда бірде - бір мәдениет ошағы жоқ Киелітас ауылдық округінде 146 орындықты Мәдениет үйі мен Көксәйек ауылдық округінде спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ 8 елді мекенге электр желілері жүргізіліп, трансформатор орнатылады. Жалпы, ұзындығы 7,5 шақырымды құрайтын 5 көшенің жолын орташа жөндеуге 159,1 млн теңге қарастырылды.
Айта кетерлігі, 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Момынай елді мекенінде Мәдениет үйінің, Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің және футбол алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.