ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
✔️Жетісай қаласындағы «Бекзат Саттарханов» атындағы орталық спорт кешенінде Ұлы Отан Соғысының 80 жылдығы мерекесіне орай пара жеңіл атлетика мен пара үстел теннисінен Түркістан облысының чемпионаты өтті.
✔️Айтулы мерекені жоғары дәрежеде атап өту арқылы ата-баба ерлігін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, жастар арасында елжандылық құндылықтарын дамыту, облыс көлеміндегі пара спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайта отырып тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, Түркістан облысы құрама командасына талантты спортшыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылған байрақты бәсекенің ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Тұрышбек Елшібаев пен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі төреші Бақыт Жаңбырбаев, Түркістан облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының директоры Абай Қазиев пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев қатысып, спортшыларға сәттілік, ал төрешілерге әділдік тіледі.
✔️ҚР пара жазғы чемпионатының жолдамалары сарапқа салынған жарысқа Түркістан, Кентау қалалары мен Бәйдібек, Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал және Жетісай аудандарынан 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысты.
✔️Пара жеңіл атлетиканың ядро, диск және найза лақтыру түрлері мен үстел теннисінің төрт категориясы бойынша тірек-қимылы зақымданған азаматтар арасында өткен шараның жоғары деңгейде ұйыдастырылуына облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубы мен Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мұрындық болды.
✔️Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша өзгелерден оқ бойы озық шығып, жеңімпаз атанған спортшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, облыстық мүгедектере арналған «Сауран» спорт клубының арнайы медальдарымен және дипломдарымен марапатталып, заттай бағалы сыйлықтарына ие болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
19.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5131
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5291
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20252
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18894
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22353