ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ҚАУЫНДАРЫ РЕСЕЙГЕ НАРЫҒЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ

 ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ҚАУЫНДАРЫ РЕСЕЙГЕ НАРЫҒЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ

Түркістан облысы, Жетісай ауданының шаруалары биыл 78 мың гектар суармалы жердің 49,5 мың гектарына мақта шитін сепсе, 17 мың гектар жерге бақша, 3,5 мың жерге дәндік жүгері, 2,3 мың га жерге көкөністер мен тағы басқа дақылдарды еккен. Бақша дақылдарының алғашқы өнімдері –қауын-қарбыз пісіп, ішкі нарықпен қатар Ресейге де экспортталып жатыр.

Жетісай ауданының тұрғыны Қобыланды Түймешев 30 жылға жуық уақыттан бері диқаншылықпен айналысып келеді. Жаңа ауыл ауылдық округіндегі 150 гектар жеріне түрлі дақылдарды егіп, «Әділет» шаруа қожалығын ашқан. Жылдағы әдеті бойынша биыл да өнімін өзгелерден ерте нарыққа шығарып отыр. Ол 100 гектарға қауынның «Дакар», «Аэропорт», «Бакинка», «Эфиопка» сынды сұрыптарын егіп, оның 20 гектарынан өнім жинауды бастады. Ақпанның соңында отырғызылған көшеттер жоспардағы 65 күнде емес, ауа-райының жауын-шашынды болуы салдарынан 90 күнде дайын болып отыр. Енді сұранысқа сәйкес Ресейдің Мәскеу, Самара қалаларына экспортталып жатыр. Баға да жаман емес, 800 теңгеден жоғары.
– Биыл қауынымыз жылдағыдан сәл кештеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді. Алғашқы өнімдерімізді Ресейге экспорттап жатырмыз. Өнімді ешқандай делдалсыз, егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, жөнелтудеміз, – дейді «Әділет» шаруа қожалығының төрағасы Қобыланды Түймешев.
Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияровтың мәліметіне сүйенсек, 7 мың гектардан астам суармалы жері бар округте бүгінде 5 мыңнан астам гектарға мақта шиті егіліп, 45,5 гектарға көкөніс, 1163 гектарға бақша дақылдары орналастырылған. Оның ішінде пленка астына егілген қауынның көлемі 978 гектарды, ашық топыраққа егілген қауын 225 гектарды құрап отыр. Ал 220 гектарға қарбыз егілген.
 
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 59
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 194
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.11.2024 29
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 165
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 54
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 194
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 175
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 179
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 187
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 181
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 195
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 184
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 392

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9412
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8802
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12032
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9803
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11016