ТҮРКІСТАНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ БАЛА ҚАТЫСҚАН "ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ" ЖОБАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ БАЛА ҚАТЫСҚАН "ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ" ЖОБАСЫ ӨТТІ
Бүгінде облыс көлемінде ерекше балаларды қолдаудың түрлі жобалары іске асырылуда. Осы орайда, бүгін Түркістанда "Жұлдызды сәт" мега-жобасының қорытынды концерті өтті.
Қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға неврологиялық сырқаты бар балалар қатысып, өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ концертте көрермендерге қолөнер көрмесі ұсынылып, арнайы театрландырылған сахналық қойылым көрсетілді.
Одан бөлек, келушілер назарына «Жігерлі жандар» мотивациялық деректі фильмі ұсынылды. Сонымен қатар жобаға қатысушылар мен ата-аналар арасында этно- модерн стиліндегі сән көрсетілімі ұйымдастырылды.
Аталған шараға қатысушыларды қолдап Шымкент қалалық 19-шы мүгедектігі бар жандарға арналған спорт мектебінің спортшылары «Шексіз» би композициясын көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.
Жобаға Кентау қаласы Келес, Сауран аудандарынан келген ерекше қажеттілігі бар 200-ге тарта балақай жиналды. Жұлдызды жобаны тележурналист, продюсер Асхат Садырбай жүргізіп, белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Кушкалиев сахна төрінде әсем әуен шырқады.
Жиында қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге шаһар басшысының арнайы сыйлықтарын табыстады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
06.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540