Түркістан облысында алғаш рет Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту, бос уақытты тиімді пайдалану, аула спортына деген қызығушылығын арттыру мақсатында облыстық «Turkistan Workout Fest» белтемірге тартылу сайысы өтті.
Сайыстың финалдық кезеңіне Түркістан «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Бектаев Ернар, «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Керімбеков Құрмет пен белтемірші, танымал спортшы Сапар Азамат қатысты.
«Осы сайысты өткізер алдында жастарымыздың қызығушылығы қалай болар екен, қатысушылар табылмай қала ма екен деген де ойлар болды. Аудан, қалаларды аралай келе жастардың аула спортына деген қызығушылығы артқанын түсіндім. Бүгінгі барша жеңімпаздарды құттықтаймын деді», Бектаев Ернар.
Спорттық сайыстың іріктеу кезеңі 31 мамыр мен 23 маусым айы аралығында облысымыздың 17 аудан, қаласында өтті. Іріктеу кезеңіне 2 000-нан астам жас қатысып, 150-ден аса қатысушы гранд-финалға жолдама алып, бақ сынады. Қатысушылар жасы 3 жас ерекшелігі (14-18 жас, 19-27 жас, 28-34 жас) бойынша сынға түсті.
Жарыс нәтижесіне төмендегі спортшылар жеңіске жетті.
14-18 жас ерекшелігі бойынша:
I орын: Баймұрат Нұрдәулет
(Арыс қаласы) 280 рет тартылды
II орын: Рустамбеков Алимардан
(Сайрам ауданы) 234 рет
III орын: Анаржан Ернар
(Сайрам ауданы) 210 рет
19-27 жас ерекшелігі бойынша:
I орын: Тұрсұнқұлов Бекжан
(Қазығұрт ауданы) 238 рет
II орын: Айдос Нұрсұлтан
(Шардара ауданы) 190 рет
III орын: Эрниязов Аббос
(Сайрам ауданы) 188 рет
28-34 жас ерекшелігі бойынша:
I орын: Орынтай Нұрболат
(Түркістан қаласы) 222 рет
II орын: Бектас Заңғар
(Арыс қаласы) 188 рет
III орын: Утебеков Бақдәулет
(Келес ауданы) 166 рет
Сонымен бірге бірнеше спортшыға арнайы жүлделер тапсырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтарға ие болды.