ТҮРКІСТАНДА ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Түркістанда теннистен 12 жасқа дейінгі балалар арасында «Turkestan Open 12 & under» республикалық ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Бірінші дәрежелі республикалық ашық турнирге Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Талдықорған, Тараз, Көкшетау, Түркістан қалалары мен өңірлерінен 64 спортшы (32 ұлдар, 32 қыздар) қатысуда. Олар бес күн бойы өзара бәскеге түседі.
Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған турнир теннис спортын дамыту, жас спортшыларға қолдау көрсету мақсатында өтіп отыр.
Ашылу салтанатына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мусимова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
– Киелі Түркістан төрінде басталғалы тұрған «Turkestan Open 12 & under» республикалық ашық турниріне қош келдіңіздер. Өздеріңізге мәлім, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет», деген болатын. Осы бағытта Түркістан облысының спорт саласында айтулы істер атқарылып жатыр. Бүгінгі жарыста баршаңызға сәттілік тілеймін. Тек мықтылар ғана жеңіске жетсін, – деді Жазира Рүстемқызы.
Республикалық теннис турнирінің ашылу салтанатында теннистің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Шымкент қаласының жетекші жаттықтырушысы Сергей Игнатовқа ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпат табыс етілді.
Жалпы аталған жарыс жеке және жұптық сында ұйымдастырылуда. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медальдар табысталады.
Айта кетейік, жалпы бүгінгі таңда «Теннис орталығында» 300-ге жуық шәкірт спорттың үш түрімен кәсіби тұрғыда шұғылдануда. Мұнда үстел теннисі, үлкен теннис және бадмитон спорт түрлері дамытылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
12.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540