ТҮРКІСТАНДА ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН «ATF 14&Under TURKESTAN G2» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН «ATF 14&Under TURKESTAN G2» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Рухани шаһарда орналасқан «Теннис орталығында» үлкен теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «ATF 14&Under Turkestan G2» халықаралық турнирінің жалауы көтерілді.
✔️Түркістан қаласында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы «ATF 14&Under Turkestan» халықаралық турниріне Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан құрамаларымен қатар еліміздің барлық аймақтарынан іріктелген 64 спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтауда. Нақтырақ айтсақ 32 ұл мен 32 қыз жарыс жолына шығып, өз бақтарын сынап көреді.
✔️Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсіміне облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова, «Конгресс-холл» көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан, «Түркістан теннис клубының» басшысы Алмас Таушаев қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
✔️Айта кетейік, Азия теннис федерациясының қалдауымен өтіп жатқан жарыста үздік деп танылған спортшылардың рейтингтері көтерілетін болады. Сондай-ақ турнирдің басты мақсаты – спортшылар арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттыру. Бұл жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Түркістан теннис клубы» мұрындық болуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
и ещё 11
 
 
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
31.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540