ТҮРКІСТАНДА ҮШ АҚЫННЫҢ КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАНДА ҮШ АҚЫННЫҢ КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Бүгін «Фараб» кітапханасында үш бірдей ақынның кітаптары оқырманға жол тартты. Облыс әкімдігінің қолдауымен жарық көрген кітаптар қатарында ақын Абай Қалшабектің «Жүрек ішіндегі өмір», Әлімжан Әлішердің «Лаура қосылған Латте» және Бауыржан Ерманның «Галактикадағы ғұмыр» атты жыр жинақтары бар. Әдеби кешті Түркістан облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы ашып беріп, мазмұнды шараның мақсатына тоқталды.
«Бүгін біз қазақ әдебиеті үшін ерекше бір тарихи сәтке куә болып отырмыз. Жаңа шығармалардың дүниеге келуі – ұлт руханиятының жаңа бір белесі, әдебиетіміздің баюы деп білеміз. Бұл ақындардың еңбектері тек әдебиет саласының ғана емес, жалпы қоғамымыздың рухани жаңғыруына зор үлес қосары анық. Жаңа туындыларыңыз халықтың жүрегінен орын алып, әдебиетіміздің алтын қорына ене берсін!» деген Мұқағали Кенжетайұлы қаламгерлерге жылы лебізін білдіріп, басқарма басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың атынан алғыс хат табыстады.
Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облысындағы өкілі Айдар Сейдазым кешті тізгіндеді. Жиынға профессор, сазгер, ғалым Бекжігіт Сердәлі, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері Роза Нарымбетова, Несіпкүл Өтебаева ақ тілегін арнап, щығармашылық табыс тіледі.
Шара барысында Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының көркем сөз үйірмесінің оқушылары ақындардың өлеңдерін оқыды. Оқырман қауым өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Арнайы кітап көрмесі жасақталып, көпшілік назарына ұсынылды.
Айта кетейік, Абай Қалшабектің туындылары терең философиялық ойлары арқылы оқырманды тәрбиелейді. Әлімжан Әлішердің жырлары жанды баурайтын нәзік сыршылдығымен ерекшеленеді. Ал Бауыржан Ерманның шығармалары бүгінгі қоғамның айнасын айқын көрсете отырып, оқырманды ойға жетелейді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

АКИМ ОБЛАСТИ НУРАЛХАН КУШЕРОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ТУРКЕСТАНА
Пресс-служба акима Туркестанской области - 13.03.2025 55
АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВЕЛ ПЕРЕГОВОРЫ С ИНВЕСТОРОМ ИЗ ГЕРМАНИИ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 13.03.2025 60
Кәсіпорында құзіреттілік орталығы ашылды
Алмас Ильясов, Қаратау құрылыс-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары. - 13.03.2025 161

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2074
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2309
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17198
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15924
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19293