ТҮРКІСТАНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ЛИГАНЫҢ ПЛЕЙ-ОФФ ОЙЫНДАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ЛИГАНЫҢ ПЛЕЙ-ОФФ ОЙЫНДАРЫ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістандағы «Olympic Center» спорт кешенінде волейболдан әйелдер командалары арасында ҚР ХХХІІ чемпионатының плей-офф ойындары басталды. Шаршы алаңдағы волейбол бәсекесіне елімізден 8 команда қатысып, өзара мықтыларын анықтауда.
Рухани шаһарда басталған дүбірлі додаға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық волейбол федерациясының президенті Тұрысбек Мыятбеков, облыстық мәслихат депутаты Сүлеймен Арыстанов, облыс спорт басқарма басшысы Қанат Жолдықараев, «Тұран» спорт ойын түрлері клубының директоры Сабыржан Бульдуруков және жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. Барлық командалар бас жүлде үшін келгендерін көрсетіп, тартысты ойындар өткізуде.
Алғашқы күндегі ойындар нәтижесіне тоқталсақ, «Жетісу» мен «Ертіс» арасындағы кездесуде 3:1 есебімен жетісулықтар жеңді. «Берел» - «Қарағанды» кездесуінде 3:0 есебімен «Берел» арулары мықты болып шықты. «Тұран» командасы «Алматыдан» 3:0 есебімен басым түсті.
Тартысты бәсекелер 20 наурызға дейін жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 326
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 472
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 319
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 172

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18235
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18096
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33283
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31834
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35550