Түркістандағы экологиялық акция «Жазғы демалыс – спортпен» ұранымен ашық алаңдағы спорттық ойындармен жалғасты. 200-ден аса жасөспірім қатысқан шарада спортшылар қазақтың ұлттық ойындарымен бірге дойбы, ләңгі тебу, белтемірге тартылу, секіргішпен секіру, шахмат сияқты спорт түрлерінен жарысқа түсті. Ойынға қатысқандардың ең жасы – 5 жаста. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілер тарапынан сыйлықтар беріліп, алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
Қала тазалығына жанашырлықпен қарау – азаматтық борышым деп білген халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, түркістандық дзюдошы Дидар Хамза да белсенді атсалысып, жасөспірімдерге үлгі бола білді.