ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, жұмысын жандандыру мәселесі талқыланды. Өңір басшысы замануаи әуежайдың мүмкіндігі мен әлеуеті толық қолданылмай отырғанына тоқталып, жауапты басқарма басшысына тапсырма беріп,  әуежай басшылығына ескертпе мен ұсыныстарын жеткізді. 
– Халықаралық және ішкі бағыттарды көбейту керек. Шетелдің ірі әуе компанияларымен байланыс нашар. Әуежай жұмысын туризм саласымен байланыстыра дамытуды ұсынамын. Жауапты басқармамен бірлесе жұмыс атқарып, туристер санын арттырған жөн. Малайзия, Түркия, Ресей, Қытайға әуе рейстерін көбейтіп, саяхатшыларды тарту қажет. Әсіресе, Түркістанға зияратшылар шоғырын арттыруға мүмкіндік мол. Шетелдіктерге Түркістан тарихы,  Қожа Ахмет Ясауи туралы насихаттау жұмыстары қолға алынсын. Екіншіден, Түркістан халықаралық әуежайының логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңызды. Жұмысты жандандыру керек, былай құр отыруға болмайды. Осы бағыттар бойынша нақты жоспар, ұсыныстар әзірленсін. Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуы тиіс. Әуежайдың даму жоспары, стратегиясы болуы қажет, – деді Дархан Сатыбалды. 
Мәжілісте Түркістан халықаралық әуежайы өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов әуежайдың қазіргі жай-күйі, атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 
Бүгінгі таңда Түркістан әуежайынан Ыстамбұл және Эль-Кувейт қалаларына халықаралық бағыт жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе және Орал қалаларына да тұрақты рейстер бар. «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «FlyArystan», «Scat», «Qazaq Air»  және  «Южное небо» әуе компаниялары қызмет көрсетуде. 
Алдағы уақытта Түркістан қаласынан халықаралық әуе рейстерін ашу,  Өскемен, Павлодар, Атырау, Көкшетау, Үшарал қалаларына субсидияланатын әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарланған. Астана және Астана қалаларына қолданыстағы рейстер саны ұлғайтылды. Биыл қазан айында «Түркістан-Абу-Даби» бағытын ашу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. 
Түркістан әуежайының жолаушылар ағыны 2022 жылы 373,8 мың жолаушыны құрады. Оның ішінде  81,3 мың адам халықаралық рейспен ұшса, ел ішінде 292,5 мың жолаушы тасымалданған. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24%-ға артқан. Жолаушылар тасымалы бойынша Түркістан әуежайы республикада 7-орында тұр. 
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
15.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 46
ҚАРА ҚЫЛДЫ  ҚАҚ ЖАРЫП
Болат ЖАППАРҰЛЫ, ардагер журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі - 11.01.2025 22
ҰЛУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ІРІ ОҚИҒАЛАР
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 10.01.2025 46
Көшпелі елдің дамуы тасбақаның аяңына ұқсайды
Әңгімелескен – Қанат БІРЛІКҰЛЫ, «Egemen Qazaqstan» - 10.01.2025 13
Халықтан қорыққан әкім әкім емес!
Нұрила БЕКТЕМІРОВА - 10.01.2025 19
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 46
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 47
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 56
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 39
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1412
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1825

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12655
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11559
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14798
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13743
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18765