«Ұлттық мектеп лигасы» республикалық деңгейде өтіп, командалық спорт түрлерінен сынға түсіп, үздіктер анықталды.
5-6 сыныптар арасында Семей қаласында, 7-8 сыныптар арасында Астана қаласында, 9-11 сыныптар Қызылорда қаласында өтті. Әрқайсысына 100-ден астам оқушы қатысты.
Қазіргі таңда Семей қаласындағы 5-6 сыныптар арасындағы жарыстың қорытынды кезеңі бойынша Түркістан облысының оқушылары жалпы командалық есепте І орынды жеңіп алды.
2023-2024 оқу жылында облыста «Ұлттық мектеп лига» жарысы спорттың 10 түрінен өткізілді. Осы кезеңде 44 сайыс өтіп, оған 475 командадан 4244 оқушы қатысты. Оның 2005-і қыз, 2 239-ы ұл бала.
Ұлттық мектеп лигасын өткізу барысында 144 кубок, 1307 медаль сарапқа салынды. Оның ішінде 434 алтын, 444 күміс және 429 қола медаль әзірленген. Облысымызда Ұлттық мектеп лига жарыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтуіне байланысты республикалық кезеңдерде түркістандық оқушылар топ бастап тұр.
Қазіргі таңда 7-8 сыныптар арасындағы жарыс Астана қаласында өтті. Қоржында 2 алтын, 4 қола. Сонымен қатар шілде айының 7-31 аралығында Қызылорда қаласында 9-11 сыныптар арасындағы жарыста 6 алтын 3 күміс 1 қола медальдармен лиганы жалпы командалық есепте бірінші орынмен аяқтады.