Өскемен қаласында жүзуден «Алтай жұлдызы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Су айдынындағы бәсекеге елімізден 15 команда, 315 спортшы қатысып, өзара шеберліктерін байқады. Жарысқа қатысушылар ішінде 196 ұл, 119 қыз бағын сынады.
Айтулы сайыста Түркістан облысының намысын қорғаған Дария Токтобаева нәтижелі өнер көрсетті. Оның еншісінде 4 алтын, 2 күміс медаль бар. Спортшы 100, 200, 400 метрге еркін жүзуде және 200 метрге шалқалай жүзуде чемпион болды. Сонымен бірге 200 метрге кешенді және брасс әдісімен жүзуде күміс жүлде еншіледі. Ол – облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.