ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ЖҮЗУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ЖҮЗУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Филлиппин мемлекетінің Нью-Кларк Сити қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Айтулы додада ел қоржынына алтын медаль түсті. Оны ұлттық құрама сапындағы түркістандық спортшы Аделаида Пчелинцева жеңіп алды. Аделаида 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде алдына жан салмады. Сөйтіп, Қазақстанның Әнұранын шырқатты.
Жалпы жүзу бәсекесіне Азия құрлығының 35 елінен 800-ден астам спортшы 114 медаль жиынтығы бойынша сынға түсуде.
Бас бапкер Илья Гусаков бастаған Қазақстан құрамасы бағдарламаның 50 түрінен жиырма бір спортшыны алып барды. Олардың арасында алғаш рет Түркістан облысынан Софья Спаренко, Аделаида Пчелинцева және Дария Токтобаева өнер көрсетуде. Аталған спортшылардың бәрі – Денис Жарменов басқаратын Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық спорт мектебінің өрендері.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
26.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 329
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 475
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 322
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 175

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18240
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18099
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33288
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35553