Түркия Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын

Түркия Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын

 

Түркия вице-президенті қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Түркия вице-президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті. Октай Смайыловты премьер-министр лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.  Ә.Смайылов: «Түркия Республикасы – Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады», – деді. Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 3,74 миллиард долларды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32 пайызға артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден анағұрлым асып түседі. Тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына шамамен $5 миллиард инвестиция салды, ал Қазақстан Түркия еліне $1,1 миллиард инвестиция құйған. Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына биыл 30 жыл толады.

 

Ермек Сахариев
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Талғар төрінде халықаралық турнир
Салтанат Бакеева - 23.10.2025 41
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 98
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 41
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 98
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 325
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 322

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18996
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18855
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34022
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32577
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36381