Түркияның барлық мектебінде 20 ақпанға дейін оқу тоқтатылды

Түркияның барлық мектебінде 20 ақпанға дейін оқу тоқтатылды

Түркияның ондаған мың мұғалімі жер сілкінісі аймағында жүр және мектептерде 20 ақпанға дейін сабақ болмайды, деп хабарлайды  Анадолы агенттігі.

Түркияның Ұлттық білім министрі Махмұт Өзер Твиттер желісінде Кахраманмараш жер сілкінісінен кейінгі мектептердегі білім беру процесі туралы мәлімдеме жасады.

«Біз бастан кешкен жер сілкінісіне байланысты тұтас Түркияда білім беру үзілісін 20 ақпанға дейін ұзартуды ұйғардық», - деп жазды білім министрі.

Сонымен бірге, М. Өзер TRT Haber тікелей эфирдегі мәлімдемесінде ондаған мың мұғалім жер сілкінісі аймағында жүргенін және бұл процесті бұзбау үшін демалысты ұзарту туралы шешім қабылданғанын айтты.

Ресми дерек бойынша, Түркияда зілзаладан көз жұмғандар саны 14 мыңнан асты, тағы 63 мың 794 адам жараланған.

Бүгін кешке Түркияда үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылды.

09.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

«АРЫҚ СӨЙЛЕП,  СЕМІЗ ШЫҚ!»
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе – Қандыағаш – Жем - 31.08.2025 97
Көтердім 51 пұт кірдін тасын
Б.МЕРГЕНБАЕВ, «Аманат» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі - 31.08.2025 121

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17089
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16931
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32120
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30715
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34351