ТУЫСҚАН ЖҰРТТЫҢ ТАРИХИ МЕДАЛЫ

ТУЫСҚАН ЖҰРТТЫҢ ТАРИХИ МЕДАЛЫ

Кешелері Олимпиадада күміс алған,  біртуған қырғыз халқының баласы Мұнарбектің — медал алу жолындағы оқиғасы өте мөте шытырман һәм қызық болған екен. Тап бір аңызға пара пар әңгіме.  Қысқасы,  жас боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы,  Олимпиадаға,  Парижге бапкерінсіз,  секундантысыз келіпті.  Оның бірден бір себебі,  Мұнарбек, іріктеу кезеңіне тым кеш қатысып,  кеш болсада әйтеуір іліккен екен.  Бірақ бапкері аккредитациядан өтіп үлгермегей,  нәтижесінде ол Парижге жаттықтырушысыз баруға мәжбүр болады.    

Сөйтіп, Мұнарбек Парижге, әлемдіе додаға жалғыз келеді. Оның, жеребеде түскен қарсыластары өте мықты болғасын Қырғызстанның бокс федерациясы Мұнарбектің жеңетініне, жеңіс әкелетініне сенбей, ширек финалдық кездесу өтпей тұрып, бірден сол күнге кері билет сатып алған дид тіпті. Бірақ, Мұнарбегің  Кубалық, Ақштың және Болгарлық боксшылардың аяғын аспанға келтіріп,  ширек финал түгіл, финалға бірақ жетед. Сөйтіп біртуған бауыр бүкіл Қырғызстанды таң қалдырды. 

Жалпы,  бапкерсіз,  секундатсыз болсада Мұнарбек шаршы алаңда біз ойлағандай жалғыз болмапты. Оған,  Өзбекстаннан келген бапкер Акмаль Хасанов ағамен  өзбек боксшысы Абдулмалик Халоков екеуі Мұнарбекке барынша көмектескен көрінеді. 

Бір қызығы,  ең соңында осы екі жігіт бір бірімен жұдырықтасад. Сөйтіп, бәріміз білетіндей алтынға таласқан жекпе-жекте өзбек боксшысы Абдумәлік жеңіске жетеді. Бірақ, жеңіліп күміс алған Мұнарбек  мүлде қайғырған жоқ, өйткені ол финалға дейін жетіп, қырғыз боксының тарихына енген алғашқы күмісті иеленген ед. Шынымен,  бұл Қырғыз тарихындағы Олимпиада боксінен келген тұңғыш медал. Мұнарбек,  Олимпиададада финалға дейін жеткен жалғыз боксшы. 

Неткен ғажап тарих ә...  Жасасын біртуғандар. Жасасын түбі түркі туысқан жұрт.  Ұлы Тұран жасасын!!! 

ТҮЙІН:Мұнарбектің өзі Ош қаласынан жеті шақырым жерде жатақханада тұрады, ал қақаған қыста, жатақана суық болғасын Оштағы жалдамалы пәтерге көшеді екен. Қырғыздың атымтай жомарттары Мұнарбек бауырымызды назардан тыс қалдырмас деп сенеміз. Ал құтты болсын!!!

Сәуле Мешітбайқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
12.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 75
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 597
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 714
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 626
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 636

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8770
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8170
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11399
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9153
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10384