ҮЕҰ-ДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ОРНЫ ЕРЕКШЕ

ҮЕҰ-ДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ОРНЫ ЕРЕКШЕ
Аудан әкімдігінде аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Сатымқұлдың төрағалығымен өткен шара қаржыландыру шарттарын айқындап, нақтылау, сондай-ақ атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығаруды көздеді.
Қордай ауданында 36 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 26-сы белсенді жұмыс істеуде. 8 – этно-мәдени бірлестік, 18 – түрлі бағыттағы қоғамдық бірлестіктер.
Комиссия отырысына тиісті бөлім басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Өздеріңіз білесіздер, үкіметтік емес ұйымдар қоғамға пайдалы функцияларды орындайды. Осыған байланысты бүгінде мемлекет мұндай бірлестіктердің дамуына белсенді түрде ықпал етуде. Жиналыста атқарылған жұмыстар жайлы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Л.Мінісқұлова баяндама жасады. Белгілі болғандай, ауданда 282 адам арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж. Қажетті қызметтерді қамтамасыз ету үшін 4 үкіметтік емес ұйым таңдалды. Баяндамашы мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін көмек, сондай-ақ тиісті бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы да ақпарат берді. «Мүгедектерді қолдау – Парыз» ҚБ жетекшісі Б.Қарамолдаева өзі жетекшілік ететін ұйымның жұмысы жайында баяндама жасады.
-– Мен басқаратын «Мүгедектерді қолдау – Парыз» қоғамдық бірлестігі 2016 жылдан бері жұмыс істейді, оның негізгі міндеті – үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады. Біз әлеуметтік тапсырыс негізінде жұмыс істейміз. Барлығы ауданымыздың 40 тұрғынына, соның ішінде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеміз, – деді Баян Нәзікеқызы.
Расында да, өңірімізде өтіп жатқан қоғамдық-саяси шаралардың барлығына үкіметтік емес ұйымдар белсене атсалысып, атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында байланыс орнатылған.
Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің айтуынша, салада көптеген проблемалық тұстар кездеседі. Мәселен, мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын азайып келеді.
Осыған орай, ҮЕҰ өкілдерінің мемлекеттік тендерлерге қатысу ережелері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында тиісті бөлім басшыларына тапсырма берілді.
Все 
 
 
Қордай ауданының әкімдігі
04.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 281
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 496
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 454

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9152
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8551
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11778
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9546
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10758