Үкіметтік емес ұйымдар Президент Жолдауын талқылады

Үкіметтік емес ұйымдар Президент   Жолдауын талқылады

Елордалық Азаматтық бастамалар орталығында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау үшін қаланың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері жиналды. Сондай-ақ аталмыш іс-шараға азаматтық қоғам өкілдері,  мемлекеттік органдардың қызметкерлері де қатысты.

Жиында сөз алған қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов Президент Жолдауы қоғамның маңызды проблемаларын шешуге бағытталған іс-шаралар кешені екенін айта келе: «Студенттерге жылдық 2-3 пайызбен білім несиесін алуға мүмкіндік беріледі. Бұрын мемлекет оқу үшін қаражат бөлетін. Грантқа түспеген студенттер ақылы оқыды, оқуын аяқтағаннан кейін болашақ жұмысы есебінен мемлекет алдындағы қарызын төледі. Қазір студенттер үшін жағдай одан да жақсы», – деді Дәурен Бабамұратов. Оның айтуынша, Президенттің бала күтімі бойынша төлем мерзімін 1,5 жасқа дейін арттыру, әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін 61 жасқа дейін сақтау жөніндегі тапсырмасы халық арасында оң шешімін тауыпты. Әсіресе, бизнесті жүргізу үшін 2%-бен несие берілетіні қуантады. Бұл астаналық жастар үшін өте жақсы демеу.

«Қазір Президент Жолдауын талқылағанда, оны мемлекет дамуының трендінен көріп отырмыз. Қазіргі жастар елімізде демографиялық жағдай қарқын алған 2004-2005 жылдары дүниеге келген. Олар жақын арада жоғары оқу орындарын бітіріп, еңбек нарығына шығады. Президент Жолдауда келесі жылы жастар үшін 100 мың қосымша жұмыс орны пайда болатынын мәлімдеді», – деп сөзін қорытындылады Дәурен Бабамұратов.

«Камеда» қоғамдық қорының басшысы, «Қазақстанның Азаматтық альянсының» ресми өкілі Махаббат Еспенова мемлекетпен бірлесіп қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыру үлкен міндет екеніне екпін берді. Атап айтқанда, ол азаматтық бастамалар орталығының қызметін жоғары бағалайтынын жасырмады. «Бұл азаматтық қоғам институттары мен мемлекетте болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын белсенділер үшін көп салалы сервистік қызмет. Егер олар қандай да бір проблеманы шешуді жоспарласа, мақсатымыз – оларды іске асыруға көмектесу. Сонымен қатар, бұл азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды құру жөніндегі диалог алаңы. Президент өз Жолдауында билік пен қоғам арасындағы тиімді диалогтың қажеттілігін атап өтті. Бұл тұрғыда қоғамдық ұйымдардың рөлі арта түсуде», – деді Махаббат Еспенова.

«Қазақстан әйелдері» қауымдастығының президенті Гүлнар Байымбетова Президент Жолдауы мемлекетіміздің дамуындағы жаңа кезең екеніне ерекше тоқталды. «Менің ойымша, азаматтық қоғам елдің ең өткір және шұғыл проблемаларын шешуге белсенді араласуы керек. Президент Жолдауында проблемалық тұстарды қамту ауқымдылығы ерекше ұнады», – деді ол.

Осылайша жиналғандар ел Президентінің Жолдауындағы жарқын тұстарды сөз етіп, ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерді қолдауға әркез дайын екендіктерін білдірді. 

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Торқалы той қарсаңындағы марапаттар
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 28.09.2023 65
ӘСКЕРГЕ БАРУ- АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
Шу ауданы әкімдігі - 28.09.2023 42
Пресс-релиз
- 28.09.2023 16
Ұлт рухының жаршысы еді...
Ерболат САУРЫҚОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. - 28.09.2023 65
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 842

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 2571
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 2402
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 2510
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 2490
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 2538