Нұр-Сұлтан қаласында тоқтап тұрған тұрғын үй кешендерін аяқтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. 150 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің 90-ы аяқталды. Қалған 60 нысанды 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау барысында «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысып, нысанда 300-ден астам үлескер отбасы бар екендігін анықтады. Аталмыш тұрғын үйді аяқтау үшін инвестор жұмылдырылғанын атап өтті.
«Витраждарын, терезелерін орнату, ішкі желілерді жүргізу жұмыстары жүріп жатыр, бір жерінде жабынын төсеу, сол сияқты монолитті жұмыстар және Тұрғын үй кешенін биыл аяқтау жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 16 мың үлескердің 13 мыңының проблемасы шешілді. Дегенмен әлі де 3 мың үлескер отбасы бар. Олардың үлестік құрылыс нысандары бойынша қадамдық іс-шара жоспары бар», – дейді әкім.