ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫН ЖОҒАЛТҚАН ҚЫЗДАР ҚАУІПТІ

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫН ЖОҒАЛТҚАН ҚЫЗДАР ҚАУІПТІ

Осыдан біршама уақыт бұрын ұятсыз, тәрбиесіз қыздардың киіз үйдің ішіндегі анайы билері жүрегінде  иманы бар, қазақылығын жоғалтпаған халықтың ашуын туғызды.  Бұл – әлсіз болса да, ұлттық рухы өлмеген елдің тұяқ серпуі. Әлі де болса ұлттық құндылықтардың қазақтың бойынан жоғалмағанының жарқын айғағы! Тәуба! 

Жасыратын несі бар, біз, қазақ халқы арнасы кең дарияның екі жағына (қазақтілді, орыстілді болып), классик жазушы Ғабит Мүсірепов жазғандай «таласа, тақаса» қонып жатырмыз.

Түрі мен ділі бір қазақ өзеннің аңғарын жаңғыртып, екі тілде сөйлесеміз. Оған намыстанып жатқан қазақ жоқ…

Астанада үйімнің жанында мейрамхана бар.  Саудасы кешке қызады. Таң атқанша жын-ойнақ!  Ашық-шашық киініп келетін, темекі шегіп масайып тұратын қыздардың көбі орыстілді.  Өздерінің осы жүрістерін мақтаныш көретіндері де байқалады.  (Қазақы тәрбие көрген қыздар ондай жерде жүрмейтіні анық).

Менің қорқатыным, осы орыстілді қыздар.  Олар қазақы тәрбиеден жұрдай! Әбден еуропаланған.  Кінә арта алмайсың, ұшқан ұялары сондай. Елді шулатып, киіз үйде анайы билерімен көзге түсіп жатқандар да ана тілінен мақұрым «шіріген жұмыртқалар» деп білемін.

Ал қазақы тәрбие көрген қыздардың бойында ұяңдық болады. Ең бастысы ұят бар! Осы ұят жоғалған күні қазақ та жойылады. Айтайын дегенім, ұяты бар қыздарымыз көп болса екен! 

Біз қазақ ұлты мынаны жақсы білуіміз керек! Жаһандану процесі өте қарқынды жүріп жатыр. Алдағы 20-30 жыл емес, 2-3 жылда не болатыны белгісіз. Әлемді уысында ұстап отырған санаулы байлардың көксегені басқа. Олардың мақсаты – құндылықтарды жою! Ұлттарды ірітіп-шіріту! Бұдан қазақ қайтсе аман қалады!?

Оның жалғыз-ақ жолы бар: әр қазақ  өсіріп отырған ұлы мен қызын қадағалап, имандылыққа тәрбиелеп, ұят пен аятты үйретіп, обал мен сауапты жетесіне жеткізіп, дастарқан басында ана тілінде сөйлеп, салт-дәстүрді санасына сіңіруге міндетті. Әсіресе қыз бала тәрбиесіне жете көңіл бөлінуі керек. Қыз бұзылса, ұлт бұзылады!  Ұлдарды рухты қылып өсіру – әр ер-азаматқа парыз!

Бұл айтқандарым қазақы болмысымызды сақтап қалудың ең төте жолы деп білемін. Әйтпесе ұл-қызыңды ғаламтор мен көше тәрбиелейді. Біреудің қаңсығы оларға таңсық болмақ. 

Қызың арсыз, ұлың қансыз болса, одан асқан қасірет жоқ жер бетінде!

Америка президенті Рузвельт таққа қонып, еліміз облыстарға бөлінген жылы Бельгияда «Әлем аруы» байқауы өтеді. Сұлулық сайысына түскен түріктің қызы Кериман Халис «Әлем аруы» атанады. Бұл оқиға Ататүрік басшылық еткен Түркия үшін де, Осман мәдениетін арқалаған Анадолы халқы үшін де «сұмдық» жаңалық болды. Сол кездегі түрік басылымдары «Түркия әлемдік мәдениетке қосылды!» деп бүкіл әлемге жар салды. Алайда Батыс олай ойламады. Еуропаның ниеті басқа-тұғын. Халық айтса, қалт айтпайды ғой. 

Түрік қызына атақ берместен бұрын байқаудың қазылар төрағасы бүй деген екен:

«Қадірлі қазылар алқасының мүшелері!

Бүгін Еуропа халықтары үшін үлкен қуаныш. Ғасырлар бойы әлемге үкім жүргізген исламдық мәдениет тоқырауға түсті. Бұл – біздің жеңісіміз. Бүкіл мұсылман әйел қауымының өкілі, түріктің қызы Кериман Халис тыржалаңаш күйде атақ үшін жанталасуда. Бұл қызды жеңісіміздің тәжі етіп қабылдайық, оны Әлем аруы етіп сайлайық. Одан да сұлу қыз бар ма, жоқ па, біз үшін ол маңызды емес. Өйткені, бұл жолы біздер сұлулық ханшайымын таңдамаймыз, жеңісімізді тойлайтын боламыз. Бір кездері Францияда сахналанған биге қарсы шығып, бүкіл Еуропа жұртына сес көрсеткен Сүлеймен сұлтанның ұрпағы бүгін бізден атақ сұрап отыр. Сондықтан болашағымыз үшін осы қызға тоқталайық. Жеңіс құтты болсын!» – деген екен.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
04.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 199
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 29
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 214
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 231
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 202
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 197
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 220
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 210
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10495
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9474
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12710
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11680
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16692