Ұлттық дәстүр ұлықталған күн

Ұлттық дәстүр ұлықталған күн

2022 жылғы 24 шілде күні «Сарыжайлау» этнографиялық ауылында «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің ұйымдастыруымен  «Ашамайға мінгізу» дәстүрі көрсетілді. Тәрбие-тағылымы мол бұл іс-шараның басты мақсаты – ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. 

Қазақта ұл бала тәрбиесіне қатысты бұл дәстүрдің орны ерекше. Ұл бала – шаңырақ иесі, ертең елін қорғайтын азамат. Баланы ашамайға мінгізу дәстүрі оның өмірінде жауапты жаңа кезең басталғанын білдіреді, сондай-ақ қайтпас қайсар,  табанды, өнер-білімге құштар болып өсуіне ықпал етеді.

Этнографиялық шараға «Елорда билер кеңесі» ҚБ өкілдері Өтеген Айшуақов, Оспан Сүлеймен,  Жұмашәріп Шаһадатұлы, ардагер ұстаз Қажымұрат Нәсиұлы, «Тарихи ата-жұрт» ҚБ төрағасы Үзбен Құрманбайұлы, Өркен Несіпбекұлы, ұлт құндылығын дәріптеуші Қаламшәріп Шаһадатұлы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның бас директоры, белгілі журналист Сәуле Мешітбайқызы, қоғам қайраткері, кәсіпкер Қанат Естек секілді белгілі тұлғалар қатысты. Қонақтар «Ашамай тойына» құрқол келмепті. Сәуле Мешітбайқызы күннен қуат алатын шам, Асанхан Ысқақ ата көне бесік, Зәкия апа текемет, Қажымұрат ата қамшы, Қанат Естек кітаптарын, Айдын Оқаұлы төр көрпелер сыйға тартты.

Ақсақалдар алғаш рет ат жалын тартып мініп, қолына қамшы ұстаған балаға бата берсе, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Арнайы ақсарбас шалынып, құран оқылды. Дәстүрлі ән орындаушысы Дархан Қамашұлы ән шашуымен мереке көркін қыздырды. Келешегінен көп үміт күттіріп жүрген жалынды жас Нұрислам Асқарұлы атты жетектеп жүрді. Жас балалар қонақтардың қолына су құйып, үлкендердің алғысын алды. Ұрпағымыз ұлттық құндылығымыздан ажырап қалмас үшін өнегесі мол дәстүрлерімізді дәріптейтін  шаралар жалғасын таба бергей!

«Қарашаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі ұжымы  тағылымды шараға қолдау көрсеткен  барша ағайынға алғыс білдіреді.

 

 

Тұрар ШӘКЕН
28.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 286
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 907

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588