Ұлттық қордың қаржысына сүйенбеу керек

Ұлттық қордың қаржысына сүйенбеу керек

Ақордада мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық банктің 2021 жылғы жұмысы туралы есебін тыңдауға арналған кеңес өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының қорытындылары, инфляцияны тежеу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, бюджет кірісін арттыру, Ұлттық банктің алтынвалюта резерві мен Ұлттық қордағы активтердің жағдайы туралы баяндамаларды тыңдады. Мемлекет басшысы Ұлттық қордың жұмысына арнайы тоқталып, пандемия жағдайында және экономикалық ахуал нашарлаған кезде Қор өз міндетін толық орындағанын атап өтті. Президент Ұлттық қордың қаржысын тиімді пайдалану қажеттігіне мән беріп: «Ұлттық қордан жасалған трансферттер 2020 жылы 4,8 триллион теңгені, ал 2021 жылы 4,5 триллион теңгені құрады. Биыл Үкімет тағы да 4,6 триллион теңге сұратып отыр. Бұл – өте қомақты қаржы. Республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға сүйенбеуі керек. Трансферттерді біртіндеп азайту қажет», – деді. Сонымен қатар жиында Ұлттық қордың инвестициялық кірісін арттыру, активтерді тиімді басқару, алтынвалюта резервтерінің өтімділігі мен сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5664
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5807
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20783
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19408
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22873