ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Ұлттық тәрбие адам баласында өз ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасады. Бүгінгі ұрпақты халқымыздың тiлi, тарихы, ұлттық дәстүрі, ұлттық өнері және ата салтына тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi.
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан.
Бүгін ұлттық тәрбиені қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Жаңатас қаласындағы Д.Қонаев атындағы орта мектебінде "Ұлттық тәрбие - ұлт құндылығы" тақырыбында аудандық форум өтті.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары М. Бегеев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Бетаева, қала және ауылдық округтердегі мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп жанынан құрылған "Аталар мектебі", "Әжелер мектебі", "Әкелер мектебі"және "Аналар мектебінің" мүшелері мен оқушылар қатысты.
Мектеп фойесінде қазақы киімдегі қыз-жігіттер келген қонақтарды күмбірлеген күймен қарсы алды. Қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, таныстырылды.
Д. Қонаев орта мектебінің директоры Гүлмира Өмірбекова келген қонақтарға алдымен "Әжелер мектебі" мүшелерінің ұйымдастырған көрмесімен таныстырды. Мұнда тұсаукесер рәсімі көрініс тауып, әжелер қауымы ұршық иіру мен диірмен тартудың әдістерін көрсетті.
"Ата өнері - ұрпаққа мұра" бөлімінде "Аталар мектебінің" мүшелері оқушылардың​ сұрақтарына жауап берсе, "Аналар мектебінің" мүшелері "Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі" бөлімінде сәндік қолданбалы бұйымдарын ұсынды. Сондай-ақ, "Әке көрген оқ жонар" бөлімінде "Әкелер мектебінің" мүшелері ер тоқым жасау, қамшы өру, тері илеу сияқты бұйымдардың жасалу жолдарын көрсетті.
Шара барысында ұлттық спорт түрлері, күрес, арқан тарту асық ату сияқты ойындар көрсетілсе, мектептің акт залында оқушылар М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан​ көрініс қойды.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Бота Бетаева мен мектеп директоры Гүлмира Өмірбекова "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
Д. Қонаев орта мектебі ұжымының ұйытқы болуымен өткен, ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтар жаңғырған аудандық шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
21.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 21
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 12
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 17
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 22
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 18
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550