ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСЫ КӨП

ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСЫ КӨП

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы кең ауқымды қамтиды. Қаншама жылдар бойы қордаланған проблемалардың да шешімін таппақ. Әлі күнге дейін үш ауысымды мектептерде балалардың оқып жатқанын ескерсек,  бұл жобаның берері көп. Тек іске асыру барысында қате-кемшіліктерге жол беріп қоймасақ болды. Тағы бір ескерер жайт, бұл жоба жай мектеп салудан өзгеше жоба. Мәселен, елордада жаңаша бір мектеп салынып еді, барлық тұрғындары балаларын сол мектепке беруге ұмтылды. Өйткені, ол мектепте балаларға қолайлы жағдайлар жасалған. Онда робототехника, физика, химия мектебі де бар. Қандай заманауи құрылғылар керек, соның бәрімен жабдықталған. Алдағы уақытта осындай мектептер көптеп салынбақ. Онда бастауыш сыныптарға арналған жеке блок болады. Оның өзінің асханасы, дәретханасы, басқа да кабинеттері бөлек болады. Бұл жоба әлімжеттік мәселесін шешуге де негіз болмақ.

2022 жылдың желтоқсан айында  Үкімет «Жайлы мектеп» жобасын мақұлдады. Жоба аясында 2023-2025 жылдары еліміз бойынша 401 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 2,6 триллион теңге бөлінеді. Құрылысқа бюджет қаржысын талан-таражға салғандардан өндірілетін қаражат та жұмсалмақ. Жобаны жүзеге асыру барысында 60 мыңға жуық уақытша жұмыс (құрылыс кезінде) және 40 мыңға жуық тұрақты жұмыс (ғимараттар салынып болған соң) ашылады. 

«Ранкинг» агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қазір елімізде 7,6 мың мектеп бар болса, оның 2,3 мыңы қалада, 5,3 мыңы ауылдарда орналасқан. Осы мектептерде 3,6 млн бала білім алып жүр. Қазір Қазақстан бойынша 5,2 мың мектеп екі ауысымда білім береді. Ал, бұдан үш-төрт жыл уақыт бұрын екі ауысымда жұмыс істейтін білім ордаларының саны 4,9 мың еді. Яғни, екі ауысымда білім беруге мәжбүр мектептер саны көбейген. Бұдан өзге, өкінішке қарай, елімізде үш ауысымда жұмыс істейтін мектептердің саны да артып барады. Мәселен, соңғы үш жылда бұндай мектептердің саны 32 пайызға көбейіп, ел бойынша үш ауысымда сабақ беретін мектептердің саны қазір 169-ға жеткен. Мұның бәрі демографиялық жағдайдың өсуіне де байланысты.

 Осы мәселелерді шешу үшін Премьер-министрі Әлихан Смайылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда екі және үш ауысымдағы мектептердің санын азайтып, барлық оқушылар үшін «Жайлы мектеп» ілкі жобасы әзірленіп жатқанын мәлім еткен еді. «Біздің басты міндетіміз – балабақшадан бастап, білім берудің барлық деңгейлерінде халықтың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылдан бері 674 балабақша ашылды. 326 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 1436 мектеп жаңғыртылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Осы жоба аясында 2025 жылға дейін жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орын беретін мектеп салу көзделген», – деген еді Үкімет басшысы. 

Жалпы, бұл Ұлттық жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 800 мыңнан астам оқушы орны беріледі, бұл үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін толығымен шешуі керек. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл  және қала  мектептерінің  айырмашылығын едәуір азайтады» деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Жолдауында. Егер «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы толығымен іске асырылса, еліміздегі мектептердегі орын тапшылығы мен үш ауысымдық мектептердің де мәселесі шешілетін күн жақын.

Жайлы мектеп» жобасы бойынша Талдықорғанда 4 оқу орны салынады –  Alataunews.kz

 Бұл туралы оқу ағарту экс-министрі  Асхат Аймағамбетов кездесулерде былай деп пікір білдіргені есте. «Еліміздегі үлкен мәселелердің бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Бірақ аталмыш мәселе өзінің уақытымен шешіледі. Осыған орай, біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 277 мектепті іске қостық. Ал «Жайлы мектеп» жобасы жөнінде айтатын болсақ, жоба бойынша салынған мектептер жай мектептерден өзгеше болатыны анық. Әрі балаларда заманауи тұрғыда ерекше білім алып шығуына үлкен мүмкіндік болады. Алдағы уақытта осындай мектептерді көбірек саламыз», – деген еді экс-министр.

2023-2025 жылдары елімізде 401 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр. Жалпы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлінбек. 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 19
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 28
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 8
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 13
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 17
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 15
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 30
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 28
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8944
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8336
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11564
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9322
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10548