Ұлтымыз бен киелі сахнаны қорлағандар жазалануы тиіс!

 Ұлтымыз бен   киелі сахнаны қорлағандар   жазалануы тиіс!

Өткен аптада иісі қазақты есінен тандырып, жаға ұстатқан сұмдық жағдай болды. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында «Ирина Кайратовна» тобы мен «Шиза», «Нурик Смит» т. б. лақап аттармен танылған әншісымақтар мыңдаған көрермендердің алдына мас күйінде шықты. Олар сахнада тұрып аузына келген боқтық сөздерді айтып, қыздарымызды қорлап, балағаттады. «Ірігеннің аузынан шіріген сөз шығады» дегендей, тәрбиесі жоқ тексіздер киелі сахнаны қорлап, өздерінің мәдениеттен жұрдай екендіктерін көрсетті. Ол – ол ма, Шиза дегені көк туымызды қолына умаждап ұстап алып: «Біреудің қымбатты көк туы...» – деп сандырақтап, «оған түкіргенім бар!» дегендей көрермендерге лақтыруға әрекет жасады. Қасындағысы оны қолдап, хайуанша бақырып-шақырды. Өз қазағың, өз ұрпағың осындай жиіркенішті әрекет жасап жатса, халқым үшін бұдан өткен қорлық жоқ.

Ал ең сорақысы, жанымызға батқаны – жиналған жастардың оларды қолдап, у-шу, мәз болып жынданғандары. Ішінен «қой!» деп айтатын намысы бар қыз-жігіттердің табылмағаны.

Түнде ватсапқа келіп түскен осы видеоны көре салысымен қаны басына теуіп, шыдай алмай  өзінің жанайқайын жеткізген намысты да батыр әнші Нұрлан Албанға қалай риза болмайсың! «Есі бар әрбір бала өсіріп отырған дені дұрыс жанның мыналардың қылығына қаны қарайып отырғаны анық. Бұлардың құйрығын кесіп құнтитып, құлағын кесіп шұнтитып, қолдарына микрофон бермей, сахнадан аластату керек! Көк туды қорлап, тіпті біздің айтуға аузымыз бармайтын боқауыз сөздерді беттері шімірікпей соғып тұрғандарына кім жауап береді? Тиісті орындар қайда қарап отыр, иә, біз шарасыз халдеміз!» дейді әнші күйініп. Сондай-ақ осы жағдайға байланысты «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «1001 түн» бағдарламасына арнайы шақырылған аға буын ұрпақтың әншілері Нұрлан Албан мен Жеңіс Ысқақовалар өткір-өткір ойларын айтты: «Қазір сахнаның қадірі кетіп, кім көрінгеннің тайраңдайтын орнына айналды. Осының бәрін қадағалайтын баяғыдай Көркемдік кеңес қажет!» Ал бағдарламаға мәдениет орталығынан келген өкілдің жауабы көпшілік күткендей болмады. Істерін істеп алып, ертесі дым болмағандай сүмірейіп, көпшілік алдында кешірім сұрап тұрған  басбұзарларға қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін алғашында айыппұл төлеп, жеңіл жазамен құтылып кетуге болады екен. Ал келесі жолы қайталап өрескел қателік жасаса, онда сот орындары айналысатын көрінеді. Сонда бұл біздің санасыз әншісымақтардың тағы да кезекті «спектаклін» тамашалап, шыдауымызға тура келеді деген сөз ғой? Міне, бізді қорғайды деген заң орындарымыздың сиқы осындай! Бұған   риза болмаған халық әлеуметтік желілерде өздерінің сансыз наразы пікірлерін білдіруде.

 

Шаргүл Қасымханқызы
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 75
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 75
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 222
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 440
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 403

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9098
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8497
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11724
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9490
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10706