Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының қызметкері және еңбек ардагері Сәрсенбай Қотырашов Қазақстанның кең-байтақ даласын жаяу жүріп өтпек.
Қарашаға дейін 72 жастағы ақсақал бүкіл елді аралап, қолданбалы өнер шеберлерімен кездесіп, өзге өңірлердің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстыруды көздеп отыр.
Ол күніне 40 шақырым жол жүремін деп жоспарлап отыр. «Ұлытауға бардың ба?» деп аталатын жаяу марафон басталып кетті. Алыс жолға шығар алдында Сәрсенбай Қотырашов «Ұлытау» мұражай-қо-
рығындағы әріптестерімен кездесіп, өз бағытымен бөлісті.
– Мен 7 жыл бойы жаяу марафонға дайындалдым. Менің мақсатым – қолөнер шеберлерімен кездесіп, қазақ халқын Ұлытау та- рихымен таныстыру. Со- ның ішінде «Көкмайса» фестивалін насихаттау да бар», – дейді саяхатшы. – Мен Қазақстанның барлық өңірлерін айналып өтуді жоспарлап отырмын. Қызы- лорда, Түркістан, Шымкент-
тен бастаймын.
Әрі қарай Тараз, Алматы, Талдықорған қа-
лаларына жол тартамын. Қазақстанның үздік қолөнершілерінің тізімін жасағым келеді. Менің бүкіл бағытым әлеуметтік желілерде жарияла- нады.
Марафоншының жолы: Ұлытау – Қызылор- да – Түркістан – Шымкент – Тараз – Алматы – Талдықорған – Аякөз – Семей – Павлодар – Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл – Қо- станай – Ақтөбе – Орал – Атырау – Бейнеу – Ақтау.