«ҰҚШҰ әскері Ресейдің жекеменшігі емес»

«ҰҚШҰ әскері Ресейдің жекеменшігі емес»

Әлемнің мазасын алған Ресей мен Украина текетіресі «Қазақстан үшін сыналар сәт болуы мүмкін бе?» деген сұрақ халықты алаңдатып отырғаны белгілі. Онысыз да Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресейге салынған санкциялар рубльге «кіндігі байланған» теңгенің құнын құлдыратып жіберді. Инфляция артып, экономикалық дағдарыс жағадан алып тұрған қазіргі қысылтаяң шақта ЕАЭО-дан шығуға шақырған петициялар пайда болды. «Халық қаласа хан түйесін сояды» дегенге сенетін халық «Қазақстанға АЭС-тің де керегі жоқ, Украина біздің болашағымыз үшін де соғысып жатыр» деген сияқты ұрандарды қолдап, үн қосуда. Республиканың түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек Украинаға да жетіп үлгерді. Тіпті қызды-қыздымен Еуропалық Одаққа «кіріп кетсек» деген арман да «бой көрсетіп» қояды. 

Бірақ ресми билік Ресей мен Украинаға араағайын болуды көздеп отыр. БҰҰ-да Ресей әскерін Украинадан шығару туралы резолюцияда қалыс қалған 35 мемлекеттің ішінде Қазақстан да бар. Яғни әзір Қазақстан бейтарап ұстанымда. Дегенмен «Қазақстан ҰҚШҰ шеңберінде Ресейге әскер беруі мүмкін» деген қауіптің «бұлты» сейілмей тұр. Өйткені Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік думаға ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі туралы келісіміне «үйлестіруші мемлекет» деген ұғым енгізуді қарастыратын заң жобасын енгізгені мәлім болды. Бұған себеп, 2019 жылы БҰҰ-ның бас ассамблеясы қауіпсіздік ұйымымен серіктестік орнату туралы резолюция қабылдаған және 2012 жылғы меморандумға сәйкес екі ұйым арасындағы бітімгерлік мақсаттағы ынтымақтастық келісімі сылтау болуы мүмкін. Путин бейбіт өмірді сақтау деген желеумен БҰҰ аясында ҰҚШҰ-ның әскерін өз мақсатына пайдалануы мүмкін. «Операцияларға қатысу шарты келісімде көрсетілмек. Мұндай келісім «үйлестіруші мемлекет» пен БҰҰ-ның өкілетті органы арасында жасалуы мүмкін. Құрамына Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіретін ҰҚШҰ елдері ұйым жарғысына түзету енгізу туралы хаттамаға 2021 жылы 16 қыркүйекте Душанбеде қол қойған» дейді «Медиазона» сайты. Белгілі болғандай, 2021 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Қорғаныс министрлігі жобаны «Ашық нормативтік-құқықтық актілері» сайтында жариялаған. Онда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бәрі «үйлестіруші мемлекет» бола алатыны жазылған. Оны ұжымдық қауіпсіздік кеңесі анықтайды. Жобаны талқылау 17 қаңтарда аяқталған, алайда оның парламентке қашан түсетіні белгісіз.

ҰҚШҰ бітімгерлік күші міндеттерін атқарған соң сөзсіз Қазақстан шекарасынан  шығарылады – Путин | BAQ.kz«Мұндай ұсынысты Путин не себепті жасады?» деген сұраққа inbusiness.kz сайты жауап іздеп көрген екен. Сұраққа саясаттанушы Қазбек Бейсебаев «ҰҚШҰ әскері Ресейдің жекеменшігі емес» деп жауап берген. Ал еліміздің Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы қарулы күштерін бейбітшілікті сақтау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау үшін жіберу туралы шешімді Президенттің тиісті ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды. Қазақстандық әскерилерді Украинаға немесе басқа да елге жіберу ұсынысы келіп түспеді және қарастырылмайды» дейді. 

Атап айтар болсақ, ҰҚШҰ 1992 жылы құрылған. Оның құрамында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан бар. inbusiness.kz тілшісінің хабарлауынша, ҰҚШҚ әскері биыл алғаш рет Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде «террористерге» қарсы жұмылдырылған. Көмекке Ресей, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Беларусьтен ұзын саны 2500 әскер келді. 19 қаңтарда билік ҰҚШҰ әскерінің «елден толық шығарылғанын» хабарлады.

azattyq.org сайты жариялаған тағы бір мақалада АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қаңтарда өткен НАТО елдері қорғаныс министрлерінің онлайн жиынынан соң «Қазақстан билігінің бейбіт наразылардың құқығын бұзбай, өз күшімен қоғамдық тәртіпті орнатуға мүмкіндігі бар. Неге Қазақстанға шеттен көмек керек болғаны түсініксіз, себебін жақын уақытта білуге тырысамыз. Жаңа тарих көрсеткендей, орыстар үйлеріңізге кірсе, кейде оларды шығару өте қиын болады» деп айтқаны көрсетілген. Мұндай ескертуден кейін халықтың алаңдайтын жөні де бар сияқты.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 144
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 142
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 656
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 776
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 689
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 699

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8838
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8236
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11463
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9220
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10447