"Ұрып-соғуға, азаптауға дайынмын". Ермек Нарымбай Қазақстанға оралады

"Ұрып-соғуға, азаптауға дайынмын". Ермек Нарымбай Қазақстанға оралады

Оппозициялық белсенді Ермек Нарымбай Қазақстанға оралады. Бұл туралы Алтынай Адилова атты facebook қолданушысы хабарлады.

– Отаныма ораламын. Мен қарызға ақша алып, авиабилетті брондап қойдым. Жақында Алматыда боламын. Бейбіт мақсатта келіссөз жүргізуге келе жатырмын. Балаларымды 7 жыл көрмедім. Осы екі күннің аралығында балаларыммен кездесу мүмкіндігі бола ма білмеймін. Оларды Киевке шақыруға мүмкіндігім болмады. Ақорда менің Қазақстанға өз еркіммен диалог жүргізу үшін бара жатқанымды түсінуі керек. Бұл қоғамды дүрліктіреді. Олар мені түрмеге отырғызса да мен ұзақ отырмайтыныма сенімдімін. Қазақстанға барғанда мені журналистер, блогерлер, көптеген адамдар күтіп алады. Сондықтан жасырын түрде мені қамауға ала алмайсыздар. Ұрып-соғуға, азаптауға толық дайынмын, бірақ мұндай болмайды. Бұл билікке тиімді емес, – деді деді Нарымбай.

Оппозиционер түрмеге түсіп қалса да үнсіз қалмайтынын, адвокатынан халыққа жаңалықтарын, ашық хаттарын жіберіп отыратынын жеткізді.

– Түрмеде мен барлық облыстардағы жаппай азаптау жағдайына тексеріс жүргіземін. Түрменің жолдары мұны қамтамасыз етеді. Тіпті жалғыз камерада отырсам да мұны іске асырамын. Менің жағдайым өзге де саяси эмигранттар, оппозиционерлер, азаматтық қоғам мен биліктің репутациясы, Тоқаев жақтастарының позициясы үшін айқындаушы фактор болады. Осының нәтижесінде біз билікті репрессиямен сайлау мәселесі бойынша келіссөз үстеліне отырғыза алатынымызға сенімдімін, – деді белсенді.

Белгілі оппозиционер Ермек Нарымбай көптеген қуғындаудан кейін 2016 жылдың 14 шілдесінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған. Бүгінге дейін Украинада тұрып келді.

 

ФБ парақшасынан 

23.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 59
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 53
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 532
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 482

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9186
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8584
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11812
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9581
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10794