Үш министрге қатаң сөгіс, Бағдатқа ескерту...

Үш министрге қатаң сөгіс, Бағдатқа ескерту...

Өткен аптадағы елеулі жаңалықтың бірі – Президент Тоқаевтың  қаһарына мінуі.  Үш министрге сөгіс, тағы біреуіне ескерту жасалды. Оларға ескі тәсілдерді қолданып, қордаланған проблемаларды шеше алмай отыр деген сын айтылды. Жаңа Қазақстанда жаңаша ойлау керектігі басты назарда тұр. Ескі сүрлеумен, ескіше ойлау енді кәдеге аспайды. Осылайша Президент Үкіметтің жұмысына орташа баға берді. Көңілі толмайтынын да жасырмады. Үмітінің ақталмай жатқанын да сездірді. Сонымен сын садағына Ауыл шаруашылығы ведомствосының басшысы Ербол Қарашөкеев пен Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ілікті. Олар қымбатшылыққа қауқар көрсете алмай, тиімсіз тірлікпен айналысып жүр екен. Жауапкершілікті өңірлерге жүктеп қойған. Ал ондағылар «Сен салар да мен салар, атқа шөпті кім салар» деп мамыражай тірліктеріне мәз болып жүргенге ұқсайды. Соңғы кезде киік мәселесі де күйіп тұр. Оған жауапты Экология министрі Серікқали Брекешов бітімді іс жүргізе алмаған. 80 мың ақбөкенді ату – қазақ менталитетіне оғаш қылық. Мәселені өзгеше реттеудің жолын іздеу керек.

Цифрландыру министрі Бағдат Мусин де ескерту алды. Цифрландыру баяу жүргізілуде және көңіл көншітпейді. Осыларды ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев күзге қарай кадрлық ауыс-түйіс те болуы мүмкін екенін айтып қалды. 

Иә, жаңа Қазақстанда жаңаша ойлайтын министрлер керек-ақ. Тәуелсіздіктің отыз жылында жауапты қызметтерде кімдер отырмады десеңізші. Бір ғана Білім және ғылым министрлігін (Білім және ғылым министрлігі Оқу-ағарту министрлігі және Жоғары білім министрлігі болып екіге бөлінді) 15 министр  басқарыпты. Олардың арасында заңгер де, құрылысшы да жүріпті. Содан кейін білім саласы қайдан көгерсін!

Осы орайда  белгілі журналист Нұрлыбек Саматұлының ФБ-дағы мына бір жазбасын бере кеткенді жөн көрдік: «Жақында Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады. Сірә, біріне сырттан уақытында қант сатып алмағаны үшін, екіншісіне қант қызылшасы егісін дамытпағаны үшін болар. 

Бақытты қайдам, ал Ерболға сөгіс жариялайтын жөні жоқ-ақ. Өйткені оған мың жерден сөгіс жариялағанмен, ауылшаруашылығы дамымайды. Сөгіс бермес бұрын осы жағын да ойлап қою керек. Неге десеңіз, Ербол ауылшаруашылығы маманы емес. Оның әуелгі мамандығы құқықтанушы, кейінгісі экономист. Демек, ауылшаруашылығына үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігінің Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған оның одан арғы өмірбаянына зер салсақ, ауылшаруашылығына қатысы жоқ салаларда жұмыс істегенін аңғарамыз. Оның алдындағы министр Сапархан Кесікбайұлы Омаров та солай. Ол да әуелі экономист, кейін заңгер мамандығын алған. Ол да ауылшаруашылығын көктете алмаған. Ақыры оны да Президент Қ.Тоқаев министр қызметінен қуған болатын. Қуғанда да бір Үкіметтік жиында «...осы салаға бірден-бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаровтың отставкаға кеткені дұрыс деп есептеймін. Бұл жұмыс, әсіресе, дағдарыс кезінде қолыңыздан келмейді екен» деп қуған.

Қайсысы екенін қайдам, Қызылордаға барған бір Ауыл шаруашылығы министрі өсіп тұрған Сыр салысынан үгіп алған қара күрішті алақанына салып тұрып: «Күріш деген ақ болмайтын ба еді?» – деп, күлкіге қалған екен. 

Қазіргі Ауыл шаруашылығы министрі де, оның алдындағысы да сондайдың сортынан деуге болады. Сондықтан «сөгісті» де құнын түсірмей, жариялайтын адамға жариялаған жақсы. «Тауық сойса да қасапшы сойсын» демей ме, азаматтарға өзі білетін, өзі оқып, тәжірибе жинақтаған саласын берейік те. Ауыл шаруашылығы министрінің агроном мамандығы болғаны маңызды. Әйтпесе бәрі бекер. 

Қорғаныс министрлігін де 2007-2016 жылдар аралығында он жыл бойы біресе инженер-құрылысшыға, біресе кинематографқа, енді бірде инженер-металлургке, география мен биология пәнінің мұғаліміне сеніп тапсырдық-ау! Әйтеуір, сол тұстарда бейбітшілік болған себепті әскерде ши шықпай, бәрі де аман өтті. Жауапты министрлікті маман емес адамға ұстата салуды қашан қояр  екенбіз?» – деп сөзін түйіндепті журналист.   

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 71
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 72
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 184
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 400
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 363
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 982

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9059
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8456
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11683
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9445
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10663