Үш тілді оқыту жүйесіне енгізілетін өзгерістер

Үш тілді оқыту жүйесіне енгізілетін өзгерістер

    Бастауыш сыныпта үш тілді оқыту жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы айтқан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Қазақстандықтар үш тілді де меңгеруі керек және алдағы уақытта бұл жүйеден бас тарту жоспарланып отырған жоқ.  Дегенмен үш тілді 1-сыныптан бастап оқыту қиын болғандықтан, бастауыш сыныптарға өзге тілдерді бірте-бірте енгізбекшіміз. Бастауыш сыныптарға келсек, осы тақырыпта зерттеу мен сараптама жүргізе келе, 1-сынып оқушысына үш тілді бірден меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл тиімсіз. Мәселе дидактика мен физиологияда.  Осы мәселе бойынша шешім қабылдап, қазақтілді мектептерде 1-сынып оқушысын тек қазақ тілінде оқытуға қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Алдымен өз тілінде оқып және жазып үлгереді. Екінші сыныпта орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі енгізіледі. Ал орыстілді мектептерде оқушы алдымен орыс тілінде жазып, оқып үйренеді. Ағылшын тілі үшінші сыныпта енгізілмек. Әдіснама тұрғысынан бұл негізделген. Дәл осындай зерттеу мен ұсыныстар бұған дейін де болған, сондықтан осы өзгерісті енгіземіз. Қысқасы, келешекте енгізу жоспарланып отырған өзгерістер келесідей: қазақ тілінде оқитын балалар 1-сыныпта тек туған тілінде оқытылады,2-сыныпта орыс тілі, 3-сыныпта ағылшын тілі қосылады; Орыс тілінде оқитын балалар 1-сыныпта орыс тілінде және мемлекеттік қазақ тілінде оқыса, 3-сыныптан бастап ағылшын тілін де қосып меңгереді. Бұл өзгерістер жақын арада енеді, осы жүйеге көшеміз. Дайындық жүріп жатыр», – деді.

 

09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5600
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5747
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20715
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19345
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22811