Үшінші дүниежүзілік соғыс қалай басталады?

Үшінші дүниежүзілік соғыс қалай басталады?

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйек күні басталған жоқ. Одан бұрын басталған. 1931 жылы жапондар Маньчжурияны басып алды, 1935 жылы италиялықтар Румынияға баса көктеп кірді. 1936 жылы Германия ашық түрде қарулану жолына түсті. Сол жылы Испан соғысы бұрқ етті. 1938 жылы немістер Австрияға басып кіріп, өздеріне қосып алды. Sudetenland өңірін меншіктеніп алды. 1939 жылы Германия мен  Кеңес одағы Польшаны бөлшектеп тастады. Келесі жылы немістер батыс майданда соғыс ашты. Барбаросса жоспарымен Перл-Харбор айлағына шабуыл жасалды. 

Айтайын дегенім, соғыс бір күнде бұрқ еткен жоқ. Судың біртіндеп көтеріле беріп, соңында тоспаны біржола алып кететіні сияқты болды. Бүгінгі жағдай да дәл сондай бірнеше жылғы даму барысын қайталағанын көреміз. Әлем тек Ресей Украинаға басып кірген күні ғана осының бәріне шын назар аударды. 

Бұдан бұрын орыстар Грузияға соғыс ашты, Қырымды жаулап алды, Украинаның екі облысын барымталады, Сирияда Алеппо өңірін тас-талқан етті. Англияда улы-радиоактив және химиялық зат қолданып, адам өлтірді, біздің (АҚШ) сайлауға сына қақты, интернеттік кибершабуыл ұйымдастырды, Борис Немцовты атып өлтірді, Алексей Навальныйды қудалап, қамауға алды.   

Ұлттық қауіпсіздік пен заңға, халықаралық нормалар мен келісімдерге ауыр дәрежеде қайшы келген осы жағдайлардың қайсысына қатаң түрде ескерту, шара қолданып, келесіде қайталанбауына мүмкіндік беретін лайықты тосқауыл қойылды? Батыстың Сирияның химиялық қару қолданағанын, Қытайдың Гонкоңының билігін аяқ асты етуін, Иранның Сирия соғысына араласуы сынды халықаралық ереже мен тәртіпті бұзған бассыздыққа лайықты тосқауыл қойғанда, мүмкін Путиннің бүгінгі тірлігін ауыздықтаған болар ма едік? 

Басқаша айтқанда 24 ақпаннан бұрын Путин өз ісінің неге соқтыратынын сезіне алған жоқ! 

Біреулер осының бәрі Батыс елдерінің кінәсі – Украинаны НАТО қабылдауға ниет білдіруден туындаған дағдарыс деп айтуда. Негізі бұл мүлде қате пікір. Өткен 22 жыл бойында біз Путиннің қас-қабағына қарап, ренжіп қалмасыншы, өкпелеп қалмасыншы деп жүріп, түк бітіргеніміз жоқ. Қарсы тұрмайтын сондай көмпіс, түйеқұс сияқты, бір аттап алға баспайтын, бейшара тірліктің арқасында бүгін Украинада қырғын ұйымдастыруға қарап тұрып жол бердік. 

Бүгінгі Д.Байден үкіметінің басындағы міндет осы шегіншектеген тірліктен бір жола құтылуға сайып тұр. Бірақ бұл жағынан алаңдатар дүние баршылық. Көңілге қуаныш ұялататыны орыстар соғыста салған жерден жеңіске жеткен жоқ. Соғыс Батыс елдерін біршама ынтымақтастырған сыңайлы. Мұны президент Д.Байденнің еңбегінен бөле қарауға болмайды. Бірақ Ж.Байден үкіметі әлі де сол батылсыз, үрейленгіш түсініктен толық арылмағаны аңғарылады… 

 

Бүгінде Путиндердің қатары көбейіп жатыр. Бейжің, Тегеран, Мәскеу үшін таптырмас одақ болуға сайланып отыр. Ендеше, Үшінші дүниежүзілік соғыс қалай басталады деп ойлайсыз? Меніңше, дәл сол өткендегі соғыс сияқты жолмен басталады.  

Bret Stephens, аударған – Баян Ардақ, thebilge.kz
14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 308
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 931

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9004
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8399
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11625
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9382
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10609