Үздік әскери отбасы

Үздік әскери отбасы
 

«Нұршад, сіздің отбасыңыз – ең үздік!» деді барлау бөлімшесі командирінің орынбасары, подполковник Нұрғали Ақылбаев материалдық- техникалық қамтамасыз ету бөлімінің сержанты Нұршад Мардановқа. Нұршад күлімсіреп: «Иә, менің отбасым ең жақсы!» деп қуанып-ақ тұр.

– Сіз түсінбедіңіз, – деп нақтылады подполковник Ақылбаев, – Сіздің отбасыңыз Қарулы Күштер саласында «Мерейлі отбасы» байқауында үздік деп танылды! Жинал, жақында елордаға марапаттау рәсіміне барасың.

Бұл жаңалықты естіген Нұршад Марданов абдырап қалды. Өйткені ол байқауға қатысқан барлық отбасылардың ішінен «Үздік» деп таныламыз деп еш ойламаған еді.

Жалпы, әріптесі Әйгерім Қабиева оған осы байқауға қатысуды ұсынғанда ол қатты таңырқап: «Біздің отбасымыз елден ерекше емес қой. Жұрт қатарлы бес балам мен немерелерім бар. Мұндай қарапайым отбасылар көп емес пе?!» деген болатын.

Бірақ оның отбасы расында ерекше еді. Өйткені олардың бәрі де тәртіпке бас иген, тату-тәтті, үш ұлдың екеуі өмірлерін әскери қызметпен байланыстырған. Осылайша, 3-сынып сержанты Нұршад Мардановтың отбасы «Мерейлі отбасы» байқауында «Үлгілі отбасы» атағына үміткерлердің бірі болды.

Биыл Нұршад пен жұбайы Айнұрдың шаңырақ көтергендеріне 25 жыл. Олар 1997 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ташқарасу ауылында отбасын құрған. Сол жылы олардың бірінші қызы Салима дүниеге келді. Төрт жылдан кейін ұлы Нұрсалим өмірге келді. Ол кезде Нұршад әлі Қарулы Күштер қатарында емес еді.

Жастайынан әскери адам болсам деген арманы болғанымен, Нұршад бірнеше рет әскери оқу орнына түсе алмады. Бірақ, «Армандар орындалады», дейді ол: – 2003 жылы мен Луговой гарнизонында «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының мотоатқыштар батальонында қызмет ететін туған ағам Бахтишадқа қонаққа келдім. Сол кезде мұнда барлау бөлімі құрылды, оған келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тартылды. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік еді».

Нұршад ойланбастан бөлім басшылығымен кездесуге келді. Штаб бастығы майор Андрей Быков Нұршадпен әңгімелесіп, жұмысқа қабылданып, көп ұзамай Нұршад әскери бөлімнің бақылау-техникалық пунктінің бастығы лауазымына орналасты.

Ол гарнизонда ұлы Заир, қызы Анель және кенжелері Әмір дүниеге келді.

Жалпы, бұл отбасында еліміздің Қарулы Күштері саласында еңбек сіңіріп жүрген жандар жетерлік. Олардың еңбек жолын да, отбасылық өнегесін де елге үлгі ретінде айтуға әбден болады. Әріптестері де жоғары бағалайды.

– Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің сержанты, 3-сыныпты сержант Нұршад Марданов үлгілі әскери қызметші. Ол қызметте қаншалықты жауапты маман болса, үйінде соншалықты сенімді жолдас, қамқор әке. Сондықтан біз бұл отбасының кандидатурасын байқауға еш ойланбастан ұсындық, – дейді бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Нұрғали Ақылбаев.

Расында, мұндай отбасылар жастарға үлгі.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Тараз гарнизонының баспасөз қызметі.
13.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 260
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 394
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 390
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 620
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 563

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9265
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8661
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11888
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9661
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10870