ВАЛЕНСА МЫРЗАНЫҢ ОЙЫ ЖӨН ЕКЕН

ВАЛЕНСА   МЫРЗАНЫҢ   ОЙЫ ЖӨН ЕКЕН

Нобель сыйлығының лауреаты, Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса мырза «Ресей халқының санын 50 миллионға дейін қысқарту керек» деген екен. Дұрыс айтқан. Бұл 50 миллион адамның көзін жою деген сөз емес. Оның ойы – Ресейді ыдырату. Ол ыдыраудан Ресейдің өзі де жеңілдеп қалар еді. Етек-жеңін жиып, даму жолына түсер еді. 

Қазір Ресей құрамында 22 республика бар. Оның ішінде халқы миллионнан асатыны – жетеу. Башқұртстан 4 миллионнан, Дағыстан 3 миллионнан асады. Татарстан халқы 4 миллионға жуықтап қалды. Ал 22 республиканың барлығын қосқанда халық саны 27 миллионның маңайы. 

Бұдан басқа Ресеймен шектесетін мемлекеттердің Ресейде қалған тарихи жерлері бар. Мәселен, басқасын айтпай-ақ Астрахан мен Орынбор облыстары қазақтың жері екенінде дау жоқ. Бұл екі облыста 3 миллионнан аса адам тұрады. 

Егер бұлай санай берсек, Лех Валенса айтқан 50 миллионнан да асып түсуіміз мүмкін. Дегенмен 50 миллион деген санды Лех Валенса мырза аспаннан алмаған болар. Өзіндік үлкен есебі болуы мүмкін.

Лех Валенса мырза Украина соғыста жеңгенімен, жағдай өзгере қоймайтынын, бес-он жылдан кейін тағы бір Путиннің пайда болатынына шүбәланбайды. Сондықтан «Ресей ыдыраған кезде ғана әлемде қауіпсіздік орнайды» дейді ол. Демек Украинаның жеңгені мәселені түбегейлі шешпейді екен. Мәселе түбегейлі шешіліп, әлемдік қауіпсіздікке қол жеткізу үшін Федерация құрамындағы 22 республика тәуелсіздік алуы тиіс. Сонда әлемдік қауіпсіздік те орнап, адамзат әділеттің салтанат құрғанына куә болар еді.

Әсіресе Башқұртстан мен Татарстанның еркіндік алғаны біз үшін өте-мөте маңызды. Бұл екі республика өзге мемлекеттермен шектеспей, Ресейдің құрсауында отырып азаттық алуы қиын. Бұларға шекараласатын үшінші мемлекет керек. Оған үміт те жоқ емес, ол үміт – әміршіл жүйенің кесірінен Ресейдің құрамына еніп кеткен бұрынғы қазақтың жері. Осы жерлер егесіне қайтар болса, тарих ажарланып, әділдік те, Лех Валенса мырза аңсаған әлемдік қауіпсіздік те орнайды.

 

Нұрлыбек САМАТҰЛЫ
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 329
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 953

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9028
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8424
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11652
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9408
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10634