Кіріспе
Қазірде қоғамның маңызды бөлшегінің бірі - ғылым және технология, экономикалық даму болып отыр. Әйтсе де адамзат өркениетінің жақсы дамуы материалдық жағынан ғана емес, рухани құндылықтармен тығыз байланысты. Адамның ішкі дүниесін байытып, мінез-құлқын қалыптастыратын, сондай-ақ қоғамдағы қарым-қатынастан тұратын маңызды нәрселер - рухани құндылықтар деп аталады. Осындай асыл қасиеттер арқылы адам өмірдің мәнін түсініп, жақсылық пен жамандықты біледі және қоғамда өз орнын таба алады. Рухани құндылықтар адамның моральдық қасиеттері, жан дүниесі мен өмірлік ұстанымдарымен байланысты болады. Яғни осылар адамның дүниетанымын қалыптастырып, өміріндегі мінез-құлқына әсерін тигізеді.
Асыл қасиеттер рухани құндылығымыз:
Адамгершілік, әділдік, мейірімділік, жауапкершілік, адалдық, сыйластық, қайырымдылық, ар-намыс, т. б. Міне осындай құндылықтар адамның тек жеке өмірі емес, қоғамда да басты қасиеттер болып табылады екен.
Мәдениет пен дәстүр
Рухани құндылықтардың қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрінде орны ерекше. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, қайырымдылық, кішіпейілдік секілді ережелер халқымызда қалыптасқан. Қонақжайлық, сөзге тоқтау, уәдеге беріктік, үлкенді сыйлау сынды қасиеттер халқымызда жоғары орында болған. Осынау құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа тәрбие арқылы ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді. Сонымен қатар мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер де қоғамдағы моральдық нормаларды бекітуге септігін тигізеді.
Халық мақал-мәтелдері рухани тәрбиенің өзегі:
«Адамгершілік — асыл қасиет»
«Жақсылық жасасаң өзіңе, жамандық жасасаң өзіңе келеді»
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
Отбасының тәрбиелік орны
Отбасының рухани құндылықтардың қалыптасуында орны ерекше. Адам баласы отбасында тұңғыш өмірлік моральдық қағидалары мен тәрбиені үйренеді. Баланың тұлғалық дамуына отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы мен түсіністігі үлкен әсерін тигізеді. Демек отбасы- рухани мәдениеттің қоғамдағы негізгі тірегі. Ата-ана перзенттеріне мынаны үйретеді:
- біреудің ақысын жемеуді
- еңбектенуді
- жауапкершілікті білуді
- адамдарға жәрдем беруді
Білім мен тәрбие - егіз
Рухани құндылықтарды қалыптастыруда мектеп және білім беру жүйесі де маңызды рөл атқарады. Олар адамның тұлғалық дамуына ықпал етіп, дұрыс ақпарат беруі тиіс. Білім мен тәрбие-егіз демекші, қоғамда саналы да жауапкершілігі мол жандардың қалыптасуына септігін тигізбек. Сонымен қатар мектептерде мынадай бағыттарда жұмыс істелуі керек:
- патриоттық тәрбие
- әлеуметтік жауапкершілік
- адамгершілік тәрбиесі
- мәдениет пен дәстүрді құрметтеу
- адамгершілік тәрбиесі
Білім мен тәрбие қатар жүрген жағдайда ғана қоғамда саналы әрі жауапкершілігі жоғары азаматтар қалыптасады.
Рухани құндылықтардың маңызы:
- қоғамдағы тұрақтылықты нығайтады
- адамдар арасындағы сенімді күшейтеді
- әлеуметтік жауапкершілікті жүктейді
- мәдени мұраны сақтап қалуға жәрдемдеседі
Рухани дамытудың жолдары қандай?
Егер қоғамда адамдар арасында түсініспеушілік, қатыгездік және әлеуметтік мәселелер көбейіп жатса, осының бәрі рухани құндылықтардың әлсіреуінен болады екен. Сондықтан әрбір адам өзін рухани дамытуы тиіс. Міне осы арқылы адамның дүниетанымы кеңейіп, оның рухани деңгейі артады. Бұл үшін бірнеше маңызды бағыттарды атап өтуге болады:
- өзін-өзі дамытып, жетілдіру
- кітап оқу және білімге ұмтылу
- қоғамға пайдалы істермен айналысу
- мәдениет пен өнерге деген қызығушылық
- қайырымдылық істер жасау
Қорытынды
Рухани құндылықтар — адам өмірінің және қоғам дамуының негізгі өзегі. Олар қоғамдағы үйлесімділікті сақтауға және адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге жәрдемдеседі. Рухани құндылықтар адамның моральдық қасиеттері, жан дүниесі мен өмірлік ұстанымдарымен байланысты болады. Яғни осылар адамның дүниетанымын қалыптастырып, өміріндегі мінез-құлқына әсерін тигізеді. Бүгінгі уақытта адалдық, мейірімділік, адамгершілік қасиеттері әркез өз құндылықтарын жоймайды. Әрбір адамның және бүкіл қоғамның ортақ міндеті рухани құндылықтарды сақтау және дамыту болып табылады.
Шаргүл Қасымханқызы
12. 03. 2026ж.
















