ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ: ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ЖАРҚЫН ҮНІ

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ:  ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ЖАРҚЫН ҮНІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып, алғашқы нәтижелері ел сеніміне серпін беріп үлгерген Конституциялық реформаның жаңа парағы Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуымен ашылмақ. Соңғы жылдары қоғамдық пікір қоламта күйінде қалмай, еліміздің даму эволюциясының тынысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтай алаңындағы ашық диалог барысында айшықталғаны белгілі.

Демократияға дем беріп, жалпыұлттық жариялылық жаршысына айналған Ассамблея мен Ұлттық Құрылтай тәжірибесі ендігі уақытта Халық Кеңесінің мінберінде талқыланатын болады. Яғни, Халық Кеңесі тұрақтылық тұғырына айналып, азаматтық қоғам, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық кеңестер мен өңірлік мәслихаттардың мүдде ортақтастығы бір арнаға тоғысады.

Халық Кеңесі – хандық дәуірдегі Хан Кеңесі емес, демократиялық қағидаттарға негізделген жалпыұлттық жоба. Хан кеңесі хандық биліктің үстемдік ету мақсаттарын күшейтетін тар форматқа құрылған орган болса, Халық Кеңесі – барша қазақстандық қоғамда құқықтық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін және асыл мұрат, мемлекеттік мүдде, тарихи мүмкіндіктер сараланатын ашық алаң. 

Халық Кеңесінің ашық алаңында қоғамдық, өңірлік, этномәдени мүдделердің тарихи мән-маңызы ескерілгенімен, мемлекеттік мүддеден оқшаулану болмайды. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Халық Кеңесінің күн тәртібінде біртұтас жалпыұлттық даму тұғырнамасын талқыланып, ортақ мүддеге ой біріктіріп, бір мақсатқа жұмылу формуласы әзірленеді.

Ел Президентінің игі бастамасы негізінде өмірге келген Халық Кеңесі институтының қоғамдық мандаты игілікті істер интеграциясы және сабақтастық салтанатына кепіл болар кемел мақсаттарды сипаттайды.

Заң шығару үдерісіне бастамашы ретінде қатыса отырып, Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік кеңес ретінде қызмет ету құзіреті және бар.

Халық Кеңесінің құрылуы – тарихи шешім, уақыт талабы. Ең бастысы, Халық Кеңесінің тарихи миссиясы халықтың ұсынысымен, халықтың пікірімен, халықтың қатысуымен жүзеге асады. Кеңес өкілдері өзі ұсынылған қоғамның немесе өңірдің қордаланған һәм өзекті мәселелерін Халық Кеңесінің талқысына шығарып, билік назарына ұсына алады.

Бұл – тарихи мүмкіндік!

Дәл қазіргі уақытта Әділетті Қазақстанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Иә, "Әділетті Қазақстан", "Заң мен тәртіп" тағы басқа да идеологиялық тұжырымдарды тұғырландыру – әрбір азамат үшін тарихи жауапкершілік. Ал, жауапкершілік жүгі ешқашан жеңіл болмаған. Қазақстан Халық Кеңесі – осы тарихи жауапкершіліктен туындаған жалпыұлттық жоба.

Осы айтулы бастамамен барша қазақстандықтарды Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуымен шын жүректен құттықтаймыз! Халықтың үні мен ортақ мүддесін тоғыстыратын бұл жаңа институт ел бірлігін нығайтып, қоғамдық келісім мен өзара жауапкершілікті арттыруға қызмет етсін. Халық Кеңесінің жұмысына сәттілік, ел игілігі жолындағы бастамаларына береке тілейміз!

23.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28012
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27489
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44863
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40524
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45176